Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ел аумағында 7 мамыр күні жауын-шашын басым болады

7 мамыр 2026
КҮНДЕРЕК
Ел аумағында 7 мамыр күні жауын-шашын басым болады

7-su.kz/ Аяулым Шынгаева

WhatsAppTelegramFacebook

«Қазгидромет» РМК 7 мамырға арналған Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжамын жариялады. Отан қорғаушылар күні елімізде жаңбырлы ауа райы орнайды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Болжамға сәйкес, жауын-шашынсыз ауа райы республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана сақталады.

Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында нөсер жаңбыр, дауыл және бұршақ болуы мүмкін.

Республика аумағының көп бөлігінде жел күшейеді, ал солтүстік пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Сонымен қатар, синоптиктер бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті:

• Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Ұлытау, Абай облыстарында, Түркістан облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы, шығысы және орталығында, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысының батысы, солтүстігі және орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі тіркеледі;

• Жетісу облысының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ синоптиктер Қазақстанның үш ірі мегаполисі бойынша Отан қорғаушылар күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды:

• Астана: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.

• Алматы: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.

• Шымкент: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +32…+34°C.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.