Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ел игілігін ойлаған

05.10.2023
КҮНДЕРЕК
Ел игілігін ойлаған
WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы Жолдауы көпшіліктің көкейінде жүрген түйткілді мәселелердің түйінін тарқатып, көкірек кесті тақырыптарды тиімді жолмен шешудің тәртібін түсіндіріп берді. Алдымен елімізде атқарылған игілікті істерге тоқталып, өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне тікелей әсер ететін ұстаздар қауымына жасалған мүмкіндіктерді саралап берген Мемлекет басшысы Орта Азияның кіндігінде орналасқан Қазақстан Республикасының транзиттік мүмкіндігін тиімді пайдалану қажеттігін назарға алды. Одан соң еліміздің экономикалық дамуына қажетті салаларға нақты ұсыныстармен тоқталған Президент халықтың қажетіне жарайтын бағыттардың жұмысын жандандыру керектігін ұғындырды.

Жолдауда: «Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды», – деген Мемлекет басшысы елдің игілігі үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын түсіндіріп өтті.

Иә, өз ісін дөңгелетуді көздеген адамға соқырға таяқ ұстатқандай әсер қалдырған Жолдаудың өне бойында шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан көрсетілер қолдау мен көмек толастамайтыны айқын айтылды. Әрбір әкімшілік кедергіні және құқық қорғау органдары тарапынан жасалар астыртын қысымнан хабары бар екенін жеткізген Қасым-Жомарт Кемелұлы бірнеше аса маңызды бағытты дамытудың жолдарын көрсетті. Атап айтқанда, металды терең өңдеу, мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сынды отандық өнеркәсіпті дамыту, кең-байтақ еліміздегі шың мен құзды, көл мен өзенді, құм мен даланы әлем жұртшылығына паш ететін туристік маршруттарды жасау, отандық шағын және орта кәсіпкерлікке серпін беретін Мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ата-бабамыздан мұраға қалған Ұлы Даланы көздің қарашығындай сақтауға керекті қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту, Қарулы Күштерді жоғары технологиялы қару-жарақпен және әскери техникамен, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарымен, қазіргі заманғы атыс қаруларымен жабдықтау, төрт түлік пен егістікке жанашырлықпен қарауы тиіс ауылшаруашылық саласының өнімін ұлғайту, ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты аса маңызды бағыттар назардан тыс қалмады. Соның ішінде ауылшаруашылық саласына баса назар аудартқан Президент: «Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-а, көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар, жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн», – деп мәселенің аса өзекті екендігін ұғындырды.

Шынында алдағы уақытта су мәселесі әлемде күрделене беретіні анық. Сол себепті су үнемдеу бүгінгі күннің тәртібінен түспеуі керек деп білемін. Ол үшін тамшылатып суару жүйесін дамытуымыз қажет. Осы бағытта қазір Жетісу облысында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Кербұлақ ауданының Жоламан массивіне себілген астыққа ауыспалы тамшылатып суару технологиясы қолданылып келеді. Кең-байтақ жеріміздің барлық өңіріне су бармайтыны анық. Алайда оны технологиямен жеткізуге ешкім кедергі келтірмейді. Сондықтан диқандар соңғы жылдардың жетістігін молынан пайдалануы тиіс. Қазір, тіпті, егістікке қажетті тыңайтқышты дронмен шашуға болады. Сондықтан мол суды арық жетпейтін жерлерге жаңбырлатып жеткізудің жолын табу аса қиын емес.

Тағы бір айта кететін нәрсе, қазір шаруашылықтар дәнді дақылдардың тұқымын шетелден алдыратын болып жүр. Бірақ оның жергілікті егістікке жерсініп кетуі қиын. Сол себепті отандық астық тұқымын кеңінен тарату керек-ақ. Әйтпесе, жерсінбеген тұқымнан өнім ала алмаған шаруа қожалығы шығынды біркісідей тартады. Ондайды болдырмау үшін егістікке қажетті шаралар жүйеленіп, ғылыми тұрғыдан саралануы тиіс деп білемін. Сонда ғана еліміздің агроөнеркәсіп саласы жаңа деңгейге көтеріледі.

Ойдан ой туады деген осы. Президент Жолдауында көтерілген мәселелердің әрқайсысы осындай өзекті тақырыптарға арқау боларына сенім мол. Себебі, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін назарда ұстап отырған Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді өркендетудің жолдарын жетік білетіні анық. Сол жолдардың сұлбасын біздің талқылауымызға, талдауымызға ұсынып, нәтиже шығаруды ұғындырған Мемлекет басшысы баламалы қуат көздерін өндірудің тиімділігіне бүгінгі әлем назар салып отырғанын жеткізеді. Сол арқылы атомэлектрстансысын салуды бүкіл халықтық референдум арқылы шешу керектігін ұсынады. Шынында мемлекеттің бір мүшесі ретінде шалғайдағы ауыл тұрғынының да өзекті мәселелерге дауыс беруі азаматтық борыш іспетті. Әйтпесе, болашағына алаңдай білетін елдің наразылығы туындауы мүмкін. Міне, осыны ескерген Президент халықтық референдум міндетті түрде өтетінін жеткізді.

Расында Жаратқан Алланың қолдауымен кең-байтақ жерге иелік етіп қалған батыр бабаларымыздың өзінен кейінгі ұрпақтың келешегі үшін еңбектеніп кеткенін осы күні ұғынып жатырмыз. Менделеев кестесінде жазылған барлық металл шығатын Қазақстан Республикасы әлем уран өндірісінен алдыңғы орында тұр. Оны өндіріске салу, яғни, атомэлектрстансысы арқылы таусылмас қуат көзін алуға болады. Осыны дұрыс ұғынған жан бастаманың негізсіз еместігін түсінеді. Қазіргідей әлем жұртшылығы баламалы уақыт көзін іздеген тұста елімізде атомэлектрстансысының салынуы ең алдымен қажеттіліктен туындап отыр. Сондықтан тиімді бір шешімге апаратын референдумнан жақсы нәтиже күтеміз.

Сөзінің түйінінде елімізді өркендету азаматтардың басты борышын екендігін ұғындырған Президент: «Әрине, даму жолымыз әрдайым теп-тегіс, даңғыл болмайды. Ешкімде сырттан келіп, Қазақстанды көркейтіп жібермейді. Ол үшін еліміздің әрбір азаматы заман талабына сай болуға тиіс. Жалпы, халқымыз осындай дағдарыс кезінде біртұтас болуы керек. Басқа жол жоқ», – деп отаншылдық, мемлекетшілдік, ұлтшылдық мүддеге баршамыз жұдырықтай жұмыла білуіміз керектігін ерекше атап өтті. Ендеше, қиындықты біркісідей жұмылып еңсеретін уақыт келді. Содан тыс қалмайық, ағайын!

Қайрат Кереев,
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда мемлекеттік балабақшалардың қызметі тексеріліп жатыр

Жетісуда мемлекеттік балабақшалардың қызметі тексеріліп жатыр

24.07.2026
ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

24.07.2026
Автонесие алу жеңілдейді

Автонесие алу жеңілдейді

24.07.2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 680 мыңға жетті

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 680 мыңға жетті

24.07.2026
Жаңа әдіспен ота жасалады

Жаңа әдіспен ота жасалады

24.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.