Талдықорған: +5°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ел күткен егемендік

25 қазан 2023
КҮНДЕРЕК
Ел күткен егемендік
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ даласының кеңінен тыныс алуы ең алдымен 1990 жылғы 25 қазанмен сабақтасып жатыр. Себебі, дәл осы күні еліміздің егемендігі жарияланып, саяси-құқықтық тәуелсіздігі жария етілді. Дербестік декларациясы қабылданып, күллі ұлыс бөркін аспанға атқан мерейлі мереке де осы.

Мың жылдықтар төрінен тамыр тартып, «Мәңгілік Ел» болу мұратына қарай көш түзеген қазақ елінің өткеніне үңілсек небір зобалаңдарды көреміз. Ұлт ретінде жойылып кетуге шақ қалған тағдыршешті сәттерде аман қалып, ақыры азаттығына қол жеткізген еліміз бүгінде егемендігімен еңселі, тәуелсіздігімен тұғырлы. Бұл жолда бабалар қаны төгілді, жаны сөгілді. Алайда, тарихтың небір солқылдақ өткелінде өжеттік танытып, бүгінгі дәреженің дәрегейіне шығып отырмыз. 

Тәубе, осынау егемендік жылдары елдің еңсесі тіктелді, етек-жеңін жинады. Арайлап атқан ақ таңның азаттықпен ұштасқан тұсы да осы мерекемен тамырлас. «Тәуелсіздік» деп ұран салған ұлтымыз дәл осы мезетте дағдарыс, жұмыссыздық, кедейшілік сынды ауыр мәселелермен жолықты. Талай жылдар орталықтан басқарылған мемлекеттік саясат пен билік басындағы атқамінерлердің нағыз іске кірісер, білек сыбана, балақ түре ел болашағы үшін еңбек етер мезеті басталды. Мемлекет болып дараланған күннен бері өнегелі өткеніміздің қай тұсына көз жүгіртсек те ең алдымен елдің береке-бірлігінің арқасында шаңырағымыз шайқалмай, замана сынағынан сүрінбей өткенімізді аңғарамыз. Яғни, осы тұста тастүйін ымырашылдығымыздың арқасында бізге алынбас қамал жоқтығын аңғардық.

Барша отандастарымды осы мерейлі мерекемен құттықтағым келеді. Егемендік жолында ерлікке де, еңбекке де араласып, ел болашағын баянды етуде жұрт болып жұмыла берейік. Кемел келешекті қалыптастыру әр қазақстандықтың тағдырымен байланысып жатқанын ұмытпайық.

Тезекбай САДИЕВ,
Алакөл ауданының 
Құрметті азаматы

Фото: көрнекілікке алынды

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

1 қараша 2026
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

1 қараша 2026
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

1 қараша 2026
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

1 қараша 2026
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

1 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.