Талдықорған: +8°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Елімізде 4 млн-ға жуық бойдақ пен бойжеткен бар

15 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК
Елімізде 4 млн-ға жуық бойдақ пен бойжеткен бар

rusmonitor.com

WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік желіден елімізде жалпы 4 миллионға жуық бойдақ жігіт пен тұрмыс құрмаған бойжеткен бары туралы мәліметті көзім шалып қалды. Расымен, бүгінде бойжеткен қызын, ержеткен ұлын аяқтандыра алмай отырған ата-ана қаншама?!

Өмірде әр адамның өз міндеті бар. Ер-азамат екінші жартысын тауып, шаңырақ көтерсе, әйел сол үйдің түтінін түтетеді. Алайда қазіргі қоғамда сырғасы бар, сыңары жоқ бойжеткендер мен сүрбойдақ көп. Себеп неде? Басым көпшілігі «жағдай жасауым керек», «шетелде 50 жаста да үйленіп жатыр ғой», «жұмыста өсуім ке- рек», – дейді. Бәлкім, қымбатшылық заманда жағдай жасап алған да дұрыс шығар. Бірақ, үлкендеріміз: «бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деуші еді. Сондықтан диірменнің тасындай зымыраған уақыттың да өтіп жатқанын ұмытпау керек. Тағы бір мәселе – қазір қыздардың талғамы өзгерді. Шетелге еліктеп, аптаның әр күнінде сыйлық сұрайтындар тағы бар.

Қазіргі тренд «Жұма гүл». Төрт күн сыйлық жасаған жігіт жұма сайын қызға әртүрлі гүл алып келу керек. Ол шарттың міндетті түрде орындалуы маңызды. Сонда махаббат материалдық сыйлықпен өлшене ме?! Күнделікті көңіл бөлу, қиын жағдай орын алғанда қолдау көрсету осының бәрі екі адамды табыстырып, жұп қылмай ма?! Ал қарым-қатынасты сыйлыққа әкеліп тіреу дұрыс емес. Жұма сайын гүл сыйлау, біреуге қуаныш сыйлаудың бір жолы ғана. Бірақ ол міндетке айналған сәттен бастап мәнін жоғалтады.

Бірі махаббатты гүлдің санымен өлшесе, енді бірі шынайы сезімді қиын сәтте жанынан табылумен бағалайды. Негізінде, махаббат талап пен міндеттің емес, өзара құрмет пен жауапкершіліктің нәтижесі. Себебі, шынайы ықылас сұраумен емес, ішкі ниетпен жасалады. Егер жігіт гүлді жүрек қалауымен ұсынса – ол махаббаттың белгісі. Ал егер «солай болу керек» деген қысыммен жасалса, ол сезімді емес, шартты ғана білдіреді.

Тағы бір кедергі – таңдаудың тым көп болуы. Әлеуметтік желінің дамыған заманында танысатын түрлі қосымша шықты. Бірақ сол мүмкіндіктің көптігі бір адамға тоқтауға кедергі келтіретіндей.

Жұп таба алмай жүргендердің тағы бір мәселесі – «Ажырасып кетпейміз бе?» деген уайым. Өйткені соңғы уақытта елімізде керегемізді кеңейтеміз деп асыр салып той жасап, артынан шаңырағы шайқалып бір-бірін түсінбей ажырасып жататын жастар жиілеп барады. Тіпті, бұл келеңсіздікке күнделікті құбылыс ретінде қарап мән бермей келеміз. Бөгде елдің есіргендеріне еліктеп, ата салтымыздан аттап, ажырасуды сәнге айналдырып алдық. Сонда «адал неке», «адал жар» деген қасиетті ұғымның мән-мағынасы жоғалып бара жатқаны ма?

Қалай дегенде де жалғыздықты жаны сүйетіндердің қатары қалыңдап тұрғаны рас. Бұл жекенің емес, жалпының қасіреті. Ұлтымыз өсіп, кемелдену үшін осы бір олқылықтың жолын кесуіміз керек. Өзгенің қаңсығын таңсық қылып, ұлттық салт-дәстүрімізді жоғалтып алмайық. Некеле- су – сүннет, ажырасу – үлкен күнә.

Жұлдыз КЕНТБАЕВА,
І. Жансүгіров атындағы Жетіс университетінің студенті
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімділік көтергіштен басталады

Қолжетімділік көтергіштен басталады

Бүгін, 15:46
Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Бүгін, 15:25
Жетісу облысына — 3 жыл: шамамен 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрған 5735 адам үйлі болды

Он айда 14,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

Бүгін, 14:52
Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін, 14:01
Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.