Синоптиктердің болжамынша, 15 мамырда еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы 27-35 градусқа дейін көтеріледі. Ал қалған аумақтарда салқын ауа райы сақталып, түнде солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 1-6 градус үсік болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттағы жел түнде секундына 2-7, күндіз 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус үсік, күндіз 21-23 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 20-22 градус жылы. Іле Алатауының таулы аймақтарында жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, күндіз 9-14 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 8-13, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 30-32 градус жылы.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттағы жел секундына 9-14 метр. Түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігі мен шығысында 2 градус үсік болады. Күндіз 21-26, шығысында 17 градус жылы. Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 21-23 градус жылы.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 25 метрге дейін жетеді. Түнде 5-10 градус жылы, таулы аудандарда 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында. Күндіз 19-24, таулы аймақтарда 9-14 градус жылы. Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні күндіз 18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 21-23 градус жылы.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 9-14 метр, кей жерлерде екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 3-8, оңтүстік-шығысында 11 градус жылы, таулы аудандарда 1 градус үсік болады. Күндіз 15-20, таулы аудандарда 12 градус жылы. Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні күндіз 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 17-19 градус жылы.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 8-13 метр, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, таулы аудандарда 12, күндіз 28-33 градус жылы. Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл болады. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 31-33 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 9-14 метр, кей жерлерде екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-19, күндіз 27-32 градус жылы. Оралда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 градус жылы.
Атырау облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, күндіз 30-35 градус ыстық болады. Атырауда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шаңды дауыл болады. Күндіз ауа температурасы 31-33 градусқа дейін көтеріледі.
Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл болады. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 31-36 градус жылы, облыстың батысында 22-27 градус.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 24-29, облыстың оңтүстігінде 32 градус жылы.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 21-26, облыстың оңтүстігінде 30 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 4-9 градус жылы, шығысында 1 градус үсік болады. Күндіз 20-25 градус жылы.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 0-5 градус жылы, кей жерлерде 4 градус үсік болады. Күндіз 13-18 градус жылы.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігі мен шығысында 2 градус үсік болады. Күндіз ауа температурасы 15-20 градус жылы.
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 21-26, облыстың батысында 29 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерлерде тұман түседі. Түнде 3 градус үсік болады. Күндіз 10-15 градус жылы.
Абай облысында түнде жаңбыр мен қар жауады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерлерде тұман түседі. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік болады. Күндіз 13-18 градус жылы.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 30-35 градус жылы.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 22-27 градус жылы.





