Талдықорған: +22°C
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Энергетика министрлігі мен Shell Қазақстан жер қойнауын зерделеу бойынша пилоттық ІТ-жобаны іске қосады

09.06.2026
КҮНДЕРЕК
Энергетика министрлігі мен Shell Қазақстан жер қойнауын зерделеу бойынша пилоттық ІТ-жобаны іске қосады

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Астанада Энергетика министрлігі, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ және «Шелл Қазақстан» компаниясы көмірсутек шикізатын геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Серіктестіктің негізгі бағыты – әлемдік озық тәжірибемен алмасу және көмірсутек шикізаты бойынша геологиялық архивтерді цифрландыру. Құжат мамандарды бірлесіп оқытуға және жер қойнауын кешенді талдауға арналған тұрақты алаң қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды енгізу отандық өндірістің әлемдік стандарттарға сай дамуына серпін бермек.

Меморандумның практикалық өзегіне заманауи геоақпараттық жүйені әзірлеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кіреді. Бұл цифрлық платформа жинақталған тарихи геологиялық деректерді терең өңдеуге және интерпретациялауға жағдай жасайды. Осы қадамдар арқылы республиканың ресурстық әлеуетін тереңірек түсінуге жол ашылып, саланың инвестициялық тартымдылығы артады деп жоспарлануда.

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров:

«Меморандумға қол қою мемлекеттік органдар, ұлттық институттар және халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Қазақстан үшін геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру, оның ішінде цифрлық технологиялар мен геологиялық деректермен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін белсенді енгізу басымдықтардың біріне жатады. Білімді, тәжірибені және технологиялық шешімдерді біріктіру еліміздің ресурстық әлеуетін тиімдірек ашуға және саланың жүйелі дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді.

Өз кезегінде еліміздің геологиялық деректер қорының операторы – «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев: «Ұлттық геологиялық қызмет Қазақстанның ашық әрі заманауи геологиялық платформасын дәйекті түрде дамытуда. Shell секілді халықаралық серіктестермен өзара іс-қимыл көмірсутек шикізаты бойынша геологиялық деректердің талдамалық және интерпретациялық базасын күшейтіп, жер қойнауын пайдалану саласында қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді.

Шетелдік концерн өкілдері де қазақстандық өндіруші салаға жаһандық ІТ-құралдарды енгізу бастамасын жоғары бағалады. Shell концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті және төрағасы Сюзанн Куган:

«Меморандумға қол қою, оның ішінде тарихи геологиялық деректерді өңдеу мен интерпретациялауға арналған цифрлық платформаны әзірлеу жөніндегі пилоттық жобаны жоспарлау Shell компаниясының Қазақстан Республикасымен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа бейілділігін растайды. Біз Қазақстанның экономиканы цифрландыру жөніндегі стратегиялық басымдығын қолдаймыз және озық технологиялар мен компаниямыздың жаһандық тәжірибесін пайдалану көмірсутек шикізатын геологиялық барлау тиімділігін арттыруға өз үлесін қосады деп есептейміз», – деді.

Қатысты жаңалықтар

Бішкек сапары: Қырғызстандағы поэзия фестивалі

Бішкек сапары: Қырғызстандағы поэзия фестивалі

09.06.2026
Талдықорғанда сарбаздың қазасына кінәлі офицер сотталды

Талдықорғанда сарбаздың қазасына кінәлі офицер сотталды

09.06.2026
Талдықорғанда туған қызына қатыгездік көрсеткен әке түрмеге қамалды

Талдықорғанда туған қызына қатыгездік көрсеткен әке түрмеге қамалды

09.06.2026
Әділ сайлау өтті

Әділ сайлау өтті

09.06.2026
Энергетика министрлігі мен Shell Қазақстан жер қойнауын зерделеу бойынша пилоттық ІТ-жобаны іске қосады

Энергетика министрлігі мен Shell Қазақстан жер қойнауын зерделеу бойынша пилоттық ІТ-жобаны іске қосады

09.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.