Талдықорған: +22°C
$ 462.22
€ 536.50
₽ 5.43
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Еркекке жүрек, әйелге тірек керек

13.04.2025
КҮНДЕРЕК
Еркекке жүрек, әйелге тірек керек
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдарда елімізде отбасылық ұрыс-керіс барысында ерлердің әйелдеріне қол жұмсауы жиіледі. Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымының  ресми мәліметі бойынша Қазақ-станда жыл сайын 400-ге жуық  әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болады екен. Бұл тек зерттеуге енгені ғана. Ал біз білмейтініміз қаншама?

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұрып-соғу бабы, яғни ҚР ҚК-нің 109-1-бабының  1-бөлігі бойынша Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі берген мәліметке көз жүгіртсек, өңір бойынша  өткен жылдың 12 айында 40-қа тарта қылмыстық іс тіркелген. Оның 14-і әйеліне қол көтерген ер азаматтарға қатысты  болып отыр.  

Облысымыздың аудан, қаласында  ісі сотқа жолданып, арнайы үкім шыққан оқиғалардың әрқайсысына жете үңілгенде  қылмыстық істің басым бөлігі ішімдік ішіп, қызғанудың  салдарынан болғанын аңғардық. Мәселен, Алакөл ауданы бойынша тіркелген  5 қылмыстық істің   бірі  өткен жылдың қазан айында Үшарал қаласындағы әскери қалашықтағы үйдің ауласында орын алған. У. есімді азамат әйелі  М.-ның  құрбысымен мас күйінде үйден шығып бара жатқанын көреді. Сол арада оның бойында қызғаныш сезімі  орнап, әйелінің шашынан тартып, шапалақпен бір ұрған. Жәбірленушінің сотқа берген жауабында заңды некедегі жолдасы У.-ға қатысты  бұдан бұрын да осындай ұрып- соғу фактісі бойынша арызданғанын, бірақ кешіргенін, қазіргі таңда кешіре алмайтынын, істі соттың құзырына қалдыратынын айтқан. Соттың арнайы үкімімен   Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының  1-бөлігімен У. кінәлі деп танылып, 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалыпты.   

Ал Панфилов ауданында орын алған 3 қылмыстық іске қатысты  оқиғаның бірі  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 108-1-бабының 1-бөлігімен сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты  осы Кодекстің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып,  қылмыстық іс тоқтатылған.

Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты ой  бөліскендердің сөзінше, отбасындағы жанжалдың бір себебі халықтың әлеуметтік жағдайына келіп тіреледі. Анығырақ айтқанда, күн көріс қиындығы – тұрмыстық зорлықтың негізгі себептерінің бірі болса, екіншіден, құқықбұзушылықтың басым көпшілігі, соның ішінде 80-90 пайызы ішімдіктің кесірінен орын алады екен. Ерлі-зайыптылар бірігіп ішеді немесе күйеуі мас болып, әйелге әңгіртаяқ орнатады. 

ӘЙЕЛ АШУЛАНСА ЖЕҢІЛЕДІ, ЕРКЕЛЕСЕ ЖЕҢЕДІ 

Бұл  тақырыпта   елу бес жылдық отбасылық өмірде тату-тәтті күн кешудің қағидатын тілге тиек еткен Көксу ауданының құрметті азаматы, ардагер-ұстаз Әсет Әбдіқазірқызы  былай дейді.  

– Әйелін ұратын  ер азаматтарға қатысты оқиғалар  бұрнағы жылдарда да болған, бола береді деп ойлаймын. Мәселен, Ұлбике деген ақын апамыздың  күйеуінің  қолынан мерт болғаны туралы жақсы білеміз. Бүгінде  әйелін ұратын ер азаматтар тақырыбы қоғамның өткір  мәселесіне айналып, одан әрі ушығып баратынын статистика көрсетіп отыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұматын әйелдерге қатысты өткен жылдағы көрсеткішке қарасаңыз, денең түршігіп, жаның ауырады. 

Әйел деген – әлсіз де нәзік жаратылыс қой. Ал сол  әлсіз, нәзік жанға қол көтерген еркектің хайуаннан қай жері артық. Өмірде көңіл қалу мен өкпелеу деген бар. Көңіл қалудың  қасында өкпелеу деген дәнеңе емес. Себебі біраз күннен кейін  өкпе басылады, ал көңіл бір қалса, шыққан жанмен бірдей деген. Өмірлік жарым деп үйленген  ер азамат  әйелінің көңілін  қалдырса, ары қарай қалай болмақ?!

Қазір адамдардың бойында қатыгездік көбейді. Салдарынан тұрмыстық  зорлық-зомбылыққа  кеңінен жол берілгенін байқайсың. Жалпы әйелін ұрып, өлтіріп жатқан  ер азаматтардың көбеюіне   ішімдік пен есірткінің де әсері бар деп ойлаймын. Дейтұрғанмен,  бұл мәселеде   кінәні еркекке артып, әйелді ақтаудан аулақпын. Меніңше, екі жақты  бірдей екшеген абзал. Өздеріңіз білетін  Бишімбаевтың сотын басынан аяғына дейін қарап отырып: «Егер әйелі ішімдік ішпегенінде  одан бірдеңе қылып құтылуға болар еді» деп ойладым. Бірақ  ол мұны жасай алмады.  Салдары не болды?

Бұл тақырыпты жөн көтеріп отырсың. Осы  жайында бір кездері арнайы лекция оқып, зерттеген едім. Түйгенім, бұл  мәселемен  қоғам болып  күресу керек. Қазір ажырасушылар санының да өскенін айтамыз. Бірақ оның  да неге көбейгеніне жіті мән бермейміз. Тәтті етіне ащы таяқ  тиген әйел қаншалықты шыдайды дейсіз?!   

1980 жылдың ортасынан бастап  мектеп бағдарламасына «Отбасы өміріндегі әдеп және психология» атты пән енгізілді. Арнайы мұғалім табылмай, мектеп басшылығы тәжірибесі мол маман ретінде  пәнді оқытуды  маған жүктеді. Міне, осы күннен   көп ізденіп, талай дүниені бойға сіңірдім. Ұққаным – ер азаматын алдап-сулап ұстаған әйелдің отбасында ешқашан дау-жанжал болмайды екен.  Негізі қазақтың: «Ақылды әйел ғана байынан таяқ жемейді» деген мақалын өмірлік ұстаным етіп, отбасындағы қыздар тәрбиесін мықтап қолға алу абзал.  

Осы тұста өмірде болған бір оқиға ойыма  оралып отыр. Үйдегі ерімен   күнде ұрсысып, тіл табыса алмай, отбасынан  жанжал үзілмейтін бір әйел көнекөз қарияға келіп: «Уақыт өткен сайын үйімізден  береке кетіп барады. Не істесем екен?» деп  ақыл сұрапты. Сонда қария әлгі келіншектің  қолына  бір түйір ақ тасты  ұстатып: «Осыны үнемі аузыңа салып жүр,  тек тамақ ішкеніңде ғана ал» депті. Осылай әйел тасты аузынан тастамай, ұзақ уақыт  сөйлемей жүріп, үй- ішінде тыныштық орнапты.  Біраз күннен соң   қарияға келіп, бұл  қалай болды өзі десе: «Мен  ештеңе жасамадым, тек аузыңды  таспен ғана бекіттім. Бары осы. Ары қарай да  осылай жүрсең, отбасыңның шырқы бұзылмай, бәрі жақсы болады» депті. Бұдан асырып басқа не айтуға  болады?! Жазушы Ғабит Мүсірепов айтқандай:  «Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді». Осыны естен шығармайықшы, – деп ағынан жарылған апаның  әр сөзі жүрекке қонды. 

– Шаңырақ көтерген кез келген ерлі-зайыптылар бастапқыда сезімдері арнасынан тасып, бақыт құшағында өмір сүреді. Уақыт өте, күнделікті күйбең тіршілік бар, қала берді байқалмайтын жауапкершіліктер көбейе түскенде кейбір отбасыларда  арадағы сезім сөне бастайды.  Ал  түсінісу мен ұғынысу деген ұғымдардың орнын ұрыс пен жанжал алмастырады. Бұлар өрши берсе ақырында жұбайлық байланыс та үзіліп тынады. Сондықтан шаңырақты шайқалтып, махаббатпен құрылған отбасының ойраны  шығуға алып келетін  дүниелерден аулақ болған жөн, – деген ардагер-ұстаз еркекке жүрек, әйелге тірек керегін де еске салды.

47 ӘЙЕЛ ЖҮГІНГЕН 

Әйелдердің құқығын қорғау тек бір ғана мемлекеттің  ішінде болып жатқан мәселе емес. Осы орайда «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті  Жанар Нұрмұханова  жаһандағы әрбір үшінші әйел  тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын айтады. 

– Гендерлік саясат, тұрмыстық зорлық-зомбылық  туралы алғаш рет айтқанда халық мұны  дұрыс қабылдамады. Тіпті бұл туралы ақпарат беруден бас тартатын-ды. Ал қазір  елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың саны көбейді. Орталық мамандары аудан, ауылдарға шығып, халыққа тұрмыстық  зорлық-зомбылық болу жағдайында қандай мекемеге барып жүгінуге болатыны   туралы  ақпаратпен бөліскенде: «Біздің ауылда ондай отбасылар жоқ» деп  жылы шығарып салатын еді. Бірақ,  артынша  сол ауылдардан  орталыққа жүгінетін әйелдер көп келеді. Қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы адамдардың  бәрі құлақтандырылған. Күйеуі әйелін ұрып тастапты деген ақпарат желіде де желдей есіп жүр. Мүмкін ақпараттың көбеюінен  жан түршігерлік оқиғалар  орын алып жатқан шығар.  

Орталықтағы  мамандарға  жүгінетін  әйелдердің  сөзін тыңдағанда  отбасылық зорлық-зомбылықтың бір ғана тараптан орын алмайтынын түсінесің. Солардың арасында, әсіресе, 25-35 жастағы келіншектердің  сөзін тыңдағанда  әйел басыңмен  «ер азаматын аяп кететін»  сәттер болады. Бірақ,  бұл әйелді ұру керек деген сөз емес, дегенмен  отбасындағы  мәселеге бір жақты емес, екі жағынан  қарау маңызды деп айтар едім. Көп жағдайда  ата-енесімен бірге тұратын отбасындағы әйелдер енесіне ашуланып,  өшін күйеуінен  алады. Ал екі оттың ортасында қалған ер азамат  ашу-ызасын  әйеліне шашып, арадағы  қарым-қатынас бұзылады. Сондықтан, отбасын құрар алдында осы мәселеге тереңнен  ден қойған дұрыс деп есептеймін. Жыл  басынан  бері орталыққа  47 әйел, өткен жылы 286 келіншек  жүгініп,   оларға арнайы көмек  көрсетілді.    

ПСИХОЛОГ ПІКІРІ 

«Әйелдердің  таяқ жеуіне тек еркек қана кінәлі емес» екенін айтқан  «Даму» психологиялық түзете-дамыту орталығының отбасылық психологі Мөлдір Ибраимова: «Таяқтың екі ұшы бар. Сол себепті бұл жерде таяқты жегісі келген әйел де кінәлі, жегізген еркек те кінәлі  болуы мүмкін», – дейді.  

– Қазіргі қоғамда  еркек пен әйел арасындағы соғыс үдеп барады. Мемлекеттің  құлдырауын қаласаң, мұны отбасынан бастау керек деген ғой. Біз қазір Еуропаға көбірек еліктеп барамыз. Өздеріңіз білетіндей,  Еуропа елінде иерархия  сақталмағандықтан  ажырасатындар саны көп. Осы үрдіс бізге де жетті. Бұл енді бөлек әңгіме… Ал отбасындағы текетірес үдеген сайын ер азаматтың әйелге қол көтеріп, күш қолдануы көбейе береді.  

Көзге көрінбейтін соғыстың салдарынан ұлттық құндылықтарымыз жойылып барады. Мұның алдын дер кезінде алмасақ, ары қарай ушыға береді. Бұл қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе. Біз ердің ер, әйелдің әйел ретіндегі табиғатын танып, қабылдай алмасақ, өсіріп отырған ұл-қызымыздың болашағына қауіп төнеді. Отбасындағы татулық пен қарым-қатынасты алдыңғы  орынға қоймай  жүре берсек,  түрлі мәселелер туындай береді. 

Психологияның өзі жалпы  және жалқы болып екіге бөлінеді. Жалпы психологияда адамдарға айтылатын және айтылмайтын  ақпараттар болады. Қазіргі таңда  айтылмауы тиіс қажетсіз ақпараттар үдеп барады. Мұнымен  құлақтанған адамдардың психологиясы да өзгереді. Қажетсіз ақпараттарды айқайлап айтқан сайын ұрып-соғу, өлтіру деген  дүниелер одан әрмен  үдей түседі. «Еркек әйелді не үшін ұрады?» дегенді ұран етіп алып ерлі-зайыптылар арасындағы соғысты күшейтіп жатырмыз.  Мұның алдын алудың бір ғана жолы – ұлттық психологияны қайта жандандырып, дәріптеу. Яғни,  өзіміздің ұлттық кодымызды қайта  оятпайынша, бұл соғыс әрі қарай да жалғаса береді,  – дейді Мөлдір Болатқызы.

P.S. Пайғамбардың (с.ғ.с) хадисінде: «Еркек  әйелін ұрса, қияметте мен оның даушысы боламын» делінген. Дүниелік істердегі кемшіліктері үшін, ұру былай тұрсын, дауыс та көтермеу керек.  Ал  бұл туралы сіз не дейсіз, көзі қарақты оқырман?! 

Сарби Әйтенова
Фото: freepik.com

Қатысты жаңалықтар

Қараталда Спорт күніне орай үздік спортшылар марапатталды

Қараталда Спорт күніне орай үздік спортшылар марапатталды

19.08.2026
Өндірісті дамыту және еңбек адамының жағдайы талқыланды

Өндірісті дамыту және еңбек адамының жағдайы талқыланды

19.08.2026
Ауыл тұрмысы қолайлы болмақ

Ауыл тұрмысы қолайлы болмақ

19.08.2026
Ертеңнен үмітіміз зор

Әлем алдындағы абырой

19.08.2026
Жетісуда тіркелген интернетке қол жеткізу қызметтері нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізілуде

Жетісуда тіркелген интернетке қол жеткізу қызметтері нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізілуде

19.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.