Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ескертпелер ескерусіз қалмасын

17.05.2025
КҮНДЕРЕК
Ескертпелер ескерусіз қалмасын

aqtobegazeti.kz

Біз осы ескертпелерді неге ескермейміз? Болмайды дегенді неге болдыруға тырысамыз? Төтеншеліктер «Суға түсуге болмайды» деген белгі қояды һәм ауызша да ескерту жасайды. Бірақ ескеріп жатқандар аз. Баспа десе басамыз, аспа десе асамыз. Басқасын айтпағанда, «Ти десем тимейді, тиме десем тиедінің» кері әйтеуір. Санға көшейік… Былтыр ескертулерді пысқырмағандарға 42 айыппұл салыныпты. Ең өкініштісі, бұл көрсеткіштің 50 пайыздан астамы балаларды қараусыз қалдырғандарға тиесілі. Айдың-күннің аманында көкөрімдер көктей солып жатқанда жұрт әлі де балаларына алаңсыздық танытуда деген сөз.

Жаз айы басталысымен қауіптің қарайып бой көрсететін әдеті. Оған себеп те көп. Жұрт күн ысығанда су-тоғанды жағалап әлек. Тынығу маусымын тиімді өткізуге асық. Жан рахатын судан іздеген ағайын қауіпсіздікті ескерсе дейді жетісулық төтеншеліктер. Өйткені былтыр Қаратал ауданында балық аулауға барған әкелі-балалының шатырын жел көтеріп, суға жеткізген. Осылайша қайғылы жағдай орын алған. Бірер жыл бұрын Алакөл жағалауында да дәл осыған ұқсас жайт орын алды. Желдің ығуымен көлге лап берген шатырдан ішінде ұйықтап жатқан бала қаза тапты. Қарапайым қауіпсіздікті ескермеу қайғыға душар етуде. Жетісу облысы төтенше жағдай департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Бағдат Тыныбекұлы қарапайым ережелерді сақтамаудың салдары тым ауыр соғып жүргенін жасырмады. Айтуынша, 2024 жылы облыс аумағында суға шомылу маусымында 5 қайғылы жағдай тіркелген. Арғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 16,6 пайызға төмен. Дейтұрғанмен тоқмейілсуге болмайды. Себебі, қайткенмен адам шығыны бар.

– Жетісу облысының аумағында 43 ірі су айдыны бар. Облыс әкімдігінің қаулысына сай 3 жаппай демалыс орны анықталған. Шомылу маусымындағы қауіпсіздікті және ережелерді түсіндіру жұмыстары қарқынды. Қазірдің өзінде 15 мың адам, оның ішінде 9 мыңнан аса балаға түсіндірме жүргізілді. Мұнан бөлек, шомылуға тыйым салатын 184 белгі орнаттық. Дейтұрғанмен, күннің қатты ысуына сай шомылу маусымы басталмаса да өзен-тоған жағалаған балалар көп. Оларға ескерту жасап, қайтарып жіберудеміз, – дейді Бағдат Тыныбекұлы.

Суға шомылу маусымы 1 маусымда ашылады. Әзірге жаппай суға түсуге Талдықорған қалалық жағажайына, Алакөл және Балқаш көлдерінің жағажайларына ғана рұқсат етілген. Дейтұрғанмен, осы тұста тағы бір мәселе қылаң береді. Суға шомылушыларға жеке өздерінің қарекетінен бөлек су техникалары да қатер төндіреді. Гидроцикл, моторлы қайық, үрлемелі жетекпен жүретін шарлар үлкен толқындар туындатады. Тіпті, өзге облыстарда су техникаларының адамдарға соқтығысу фактілері де орын алуда. Осындай қауіптерді сейілту мақсатында төтеншеліктер жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеуге көшкен. Адам шомылатын аймақтарды оқшаулап, су техникаларының бұл маңға кірмеуін қадағалауды қолға алуда.

Бағдат Тыныбекұлының айтуынша, суға шомылу маусымында адам өміріне қауіп төндіретін бірден-бір жай ішімдік. Одан бөлек, балаларды қараусыз қалдыру да қатердің ауылын жақындатады екен. Сондықтан, көзі қарақты оқырман, суға шомылуда қарапайым ережені сақтау қажет. Өйткені, мемлекет үшін сіздің және отбасыңыздың әрбір мүшесінің өмірі құнды.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.