Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЕСКЕРТУДІ ЕЛЕМЕГЕН БІРНЕШЕ АВТОКӨЛІК ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛЫП ҚОЙДЫ

21 желтоқсан 2020
КҮНДЕРЕК
ЕСКЕРТУДІ ЕЛЕМЕГЕН БІРНЕШЕ АВТОКӨЛІК ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛЫП ҚОЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» автожолының 92-нші шақырымында екі жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Қар құрсауына түскендер жүруге тыйым салынған жолдан бұра тартып, полиция қызметкерлері мен құтқарушылар тұрған кезекші посты айналып өтіп бара жатқан. Естеріңізге сала кетейік, бұл автожол ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран және нашар көріну) ағымдағы жылдың 18 желтоқсанынан бастап автокөліктің барлық түрлері үшін жабық болған еді.

Алматы облысы ТЖД құтқарушыларының (3 құтқарушы және 1 бірлік техника) және «АБК Автодор» ЖШС қызметкерлерінің (2 қызметкер және 1 бірлік техника) күшімен қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді. Автокөлік салонында 3 адам болған. Аталған көлік құралдары Достық станциясына жіберіліп, эвакуацияланғаннан кейін Көктұма ауылына қайтарылды. Сондай-ақ, 20 желтоқсанға қараған түні «Үшарал-Достық» автожолының 135-нші шақырымында салонда үш жолаушысы бар бір жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды, үш жолаушының біреуі — бала. Оларды ТЖД қызметкерлері (4 қызметкер және 1 бірлік техника) құтқарды. Бұл автокөлік ШҚО-ға қарасты Жарбұлақ ауылы жағынан жабық автожолға түскен.

Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Бұған дейін Алматы облысының ТЖД СМС тарату, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы, сондай-ақ, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы «Үшарал-Достық «Республикалық маңызы бар автожолы ауа райының нашарлауына (қатты боран, нөлдік көріну) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін жабық» деген хабарлама таратқан болатын.

Алматы облысының ТЖД азаматтарға өз қауіпсіздігі мақсатында автожолдардың жабық учаскелеріне шығуға болмайтындығын тағы да еске салады. Алыс жолға шығар алдында сол аймақтағы ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүруге кеңес береміз. Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны — 112.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

3 қараша 2026
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

3 қараша 2026
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

3 қараша 2026
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.