Талдықорған: +18°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын»

Баспасөзге жазылу науқаны басталғалы журналистер қауымының, әсіресе, газет тілшілерінің жарғақ құлағы жастыққа тимейді. Әрине, бұған дейін де қала, аудан, ауыл тынысы басылым бетінен тыс қалған емес. Күз мезгілі біз үшін де маңызды болған соң әлдебір ауданның, не қаланың әкімдігімен келісіп жергілікті жұртшылықпен кездесу ұйымдастырамыз, жаңадан ашылған шағын және орта кәсіпкерлік нысандардың жұмысын көреміз. Басқа да әлеуметтің әлеуетіне жарап жатқан шаруалармен толыққанды танысып, басылым арқылы оқырманға жеткізіп отырамыз. Осылайша бұқара мен биліктің арасындағы «алтын көпір» міндетін орындаймыз.

06.12.2025
КҮНДЕРЕК
«Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын»

Zhenis ISKABAY WWW.ZHUSAN.KZ

WhatsAppTelegramFacebook

Жоспар бойынша кезек Текелі қаласына да келді. Шаһар басшысы Алмас Әділмен кездесу үшін баспасөз хатшысына, орынбасарына хабарласқанымызға аптадан асқан еді. Уақыты жоқтығын айтып сытыла берген әкімді ақырында кабинетінің алдынан күтетін болып жолға шыққанбыз. Ертелетіп барғанымызбен сағат 10.00-ден асып кетсе де келмепті. Орынбасарының айтуынша, әлдебір жұмыспен жүр-мыс. Уақытты тиімді пайдаланайық деп шағын қаланың орталық саябағын тазалап жатқан еңбек адамдарымен сөйлесіп, жаңадан ашылып жатқан «Green Tau» орталығының жұмысымен танысып, Текелі қалалық кәсіптік колледжінде білім алып жатқан жастардың тыныс-тіршілігін сұрап келгенімізше 2 сағаттан асып кетті.

Күздің жылт еткен жылуынан лайланған таудың топырағына ластанған аяқкиімімізді тазартып, әкімнің қабылдау бөлмесіне бардық. Хатшы қыздан бос еместігін естіген соң күтуге тура келді. Қабылдауындағы кісілер 1 сағаттан кейін шықты. Одан соң қос орынбасарына тапсырма берген Алмас Әділ қолы тимей жатқанын, осы қазір әлдебір прокурормен кездесуге асығып тұрғанын айтқанымен таудың бөктеріндегі қаланың жетістігі мен көрсеткішін өз аузынан естігіміз келді. Шыны керек, өзге аудандардың әкімдері бұлай бұлтаққа салған емес. Уақыт бөліп қабылдап, атқарып жатқан жұмыстары мен жетпей жатқан тұсын жасырмай, өңірдің тыныс-тіршілігінен ақпарат беретін. Баспасөз науқанына да қолдан келгенше қолдау көрсететінін айтып, басылымға деген ниетін білдіретін. Асығып тұрса да аз-кем сөйлесуін талап етіп кабинетіне кіріп, қаланың қазіргі қадамы жайлы сұрадық.

– Бүгінгі күнге әлеуметтік-экономикалық даму жағынан барлық көрсеткіштер мен алға қойған жоспарларымызға сәйкес келе жатырмыз. Жылды жоспарға сай бітіреміз. Ең бастысы, инвестиция көлемі 300 пайыздан асып отыр. Биыл 31 миллиард теңгемен инвестиция көлемін бітіру жоспарда бар. Өнеркәсіп көлемі 100-101 пайызға сай. Жаңадан ашылып жатқан өнеркәсіптер бар, – деген Алмас Қабдулұлы межеленген міндеттердің атқарылу барысын әңгімелеп берді. Қысқасы, ТМД бойынша ең ұзын көшесі бар Текеліде экономикалық өсім жақсы, табыс мол. Алайда руханиятқа қатысты мәселелер көп қозғалмайтын секілді. Себебі, арысы Мемлекет басшысының сындарлы саясатын, сан түрлі сапарлардағы ресми кездесулері мен облыс әкімінің аймақтың дамуы үшін алға қойған межелерін, аудан мен ауылдардағы ел-жұрттың атқарған істерін көрсететін «Jetisý» газетіне жазылушылар мүлде жоққа тән. Қала әкімі облыстық басылымды оқымайтынын емеурінмен танытып, жазылымға қатысты істерді орынбасары Сержан Құрманбаевтің таныстыратынын жеткізді.

Өз кабинетінде қабылдаған жас орынбасар маңғаздана отырып өзінің қолы қысқа екенін, ешкімді мәжбүрлеп жаздыра алмайтынын айтып, зар-мұңға салды. Сондағысы:

– Қазір, өздеріңіз білесіздер, халықтың 90 пайызы әлеуметтік желіні қолданады. Сол себепті жергілікті баспасөзге немесе мемлекеттік баспасөзге ешкім жазылғысы келмейді. Сондай проблемалар бар. Қазіргі таңда мұғалімдердің дәрежесі көтерілгеннен кейін бұрынғыдай ұстаздарға: «Сіздер осындай баспасөзге, газеттерге жазылыңыздар» деп айта алмаймыз. Себебі, олар құзырлы мекемелерге шағымданады. Ол бойынша бізде былтыр да, алдыңғы жылы да сондай шағымдар болған. Яғни, мектептерді қоғамдық жұмысқа, сенбілікке жұмсайды деген. Сол себепті, бізде баспасөзге байланысты қиындықтар бар.

Орынбасардың ойын басқа арнаға бұрмақ болып:

– Мемлекет басшысы Тоқаевтың саясатын жүргізу мәселесі, елдің бірлігін сақтау мәселесі, мемлекеттікті ту ету мәселесі қараусыз қала бере ме сонда? – деген сауалымызды қойдық. Оның бұл орайдағы әңгімесі «Енді оның, баспасөзге ешқандай қатынасы жоқ деп ойлаймын, сіз айтқан бірлікке, несіне…» – деген түсініксіз диалогқа жалғасты.

Шыны керек, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны мен салмағын сезіне алмайтын басшыға не айтасыз?! Қазақ ондайды «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» деп түйіндеген. Біз де сондай оймен қайттық. Бұл пікір жалғыз орынбасарының ғана емес, қала әкімінің көзқарасын танытса керек. Мұндай немқұрайдылық пен немкеттіліктен қашан арылар екенбіз?!

 

Мәди АЛЖАНБАЙ, Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.