Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Халық заңгері» республикалық акциясы: Тегін заң көмегін алыңыз

22 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
«Халық заңгері» республикалық акциясы: Тегін заң көмегін алыңыз
WhatsAppTelegramFacebook

30 мамыр сағат 17:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезетте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді. Бұл – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тегін заң көмегін қолжетімді етуге бағытталған бірегей қоғамдық жоба.

Акция аясында қазақстандықтар құқықтың барлық салалары бойынша кәсіби заң көмегін тегін ала алады. Жоба ҚР Үкіметінің қолдауымен жүзеге асады. Ұйымдастырушылар қатарында – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz интернет-басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі және Республикалық адвокаттар алқасы.

Кімдерге көмек көрсетіледі?

Бұл жоба әлеуметтік осал топтарға, атап айтқанда:

  • аз қамтылған отбасыларға,

  • көп балалы отбасыларға,

  • жалғызбасты аналарға,

  • мүмкіндігі шектеулі азаматтарға,

  • студенттерге,

  • шағын және орта бизнес өкілдеріне

арналған заңгерлік қолдаудың ашық алаңы болып саналады.

Қандай көмек беріледі?

Азаматтар төмендегі бағыттар бойынша тегін кеңес ала алады:

  • азаматтық және қылмыстық құқық

  • еңбек және тұрғын үй заңнамасы

  • жер, банк, салық мәселелері

  • мұрагерлік пен жылжымайтын мүлік

  • алимент, ажырасу, неке шарттары

  • кибербуллинг, айыппұлдар және т.б.

Кеңес берушілер қатарында – заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, сондай-ақ тергеушілер, сот орындаушылары, әділет органдары мен көші-қон полициясы өкілдері болады. Мемлекеттік органдар да азаматтарды қабылдап, олардың нақты сұрақтарына жауап береді. Ең бастысы – қабылдау уақыты шектелмейді, әрбір келушіге толық әрі сапалы қызмет көрсетіледі.

Неліктен бұл маңызды?

Қазіргі таңда көптеген азаматтар құқықтық мәселе туындағанда қайда, кімге жүгіну керектігін білмей, қиын жағдайда қалып жатады. «Халық заңгері» жобасы осындай олқылықтың орнын толтырып, кез келген адамға білікті кеңес алуға жол ашады.

Жоба 2016 жылдан бері жүзеге асып келеді. Осы уақыт аралығында 150 мыңнан астам қазақстандық тегін заң көмегіне жүгініп, 7000-нан астам адвокат пен мемлекеттік орган өкілі сұрақтарға жауап берген.«Халық заңгері» – бұл жай ғана құқықтық кеңес беру емес, бұл – азамат пен заң арасындағы көпір. Бұл – елдегі құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған нақты қадам. Сондықтан заң жайында сұрағыңыз болса, 30 мамыр күні өз қалаңыздағы кеңес алаңына келіп, кәсіби заңгерлерден тегін және сапалы көмек алыңыз.

”Жетісу-Ақпарат”

Қатысты жаңалықтар

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.