Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Үйге қайту үшін…». Шерзат сотында куәгер әйел сұрақтан жалтарды

28 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
«Үйге қайту үшін...». Шерзат сотында куәгер әйел сұрақтан жалтарды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Бүгінгі сот отырысында тағы да қанды түнде сотталушылармен бірге болған Эльмира Нұрбекова жауап берді. Қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде танылған ол, сол түні «Қамажай» дүкенінің алдына көлікпен бірге келгенін растады.

Сот барысында адвокат Мейірман Шекеев Нұрбекованың тергеу кезінде қазақ тілінде жауап бергенін, ал сотта тек орыс тілінде сөйлеп отырғанын ерекше атап өтті. Бұл айырмашылық адвокаттың күдігін тудырды. Ол куәгерден:

— Сіз 5 қазан күні берген жауабыңызда Абзалдың қай жеріне пышақ сұғылғанын нақты айттыңыз. Бірақ сараптама қорытындысы тек қарашаның 11-інде шықты. Бұл ақпаратты сіз қайдан білдіңіз? — деп сұрады.

Эльмира Нұрбекова бұл сұраққа жауап бере отырып, ұсталған кезде екі күн бойы ұйықтамағанын, ас-сусыз қалғанын және жауап алу кезінде орыс тілінде сөйлеуге мәжбүр болғанын айтты.

— Бізді ұстағанда екі күн бойы ұйықтамадық. Тамақ ішпедік. Ішкі істер бөлімінде жүзге тарта адам бізден жауап алды. Не сұрағандарын толық түсінбедім. Қазақша аудармасына да назар аудармадым. Үйге қайту үшін алдыма қойған қағазға қол қоя бердім, — деді куәгер.

Сонымен қатар, Нұрбекованың қорғаушысы да оның тергеу кезінде «жүрек тұсына пышақ сұғылғанын көрдім» деген жауабы еш жерде тіркелмегенін атап өтті.

Сот отырысында Эльмира Нұрбекованың беттестіру кезіндегі бейнежауабы көрсетілді. Видеода оның қазақ және орыс тілдерінде араластырып жауап бергені анық көрінеді.

Айта кетейік, өткен аптадағы сот отырысында да Эльмира Нұрбекова тергеуде берген алғашқы жауаптарынан ауытқып, өз сөздерінде шатасқан болатын. Бұл жағдай сот процесінің барысына жаңа сұрақтар мен күдіктер туғызып отыр.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.