Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Инновация мен ғылым тоғысқан білім ордасы

17 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Инновация мен ғылым тоғысқан білім ордасы
WhatsAppTelegramFacebook

Ел Президенті ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтіп, ғылыми жаңалықтарды нақты өмірде пайдалануға ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өткен болатын. Бұл тапсырма бүгінде көптеген жоғары оқу орнының даму бағытына айналып отыр. Соның жарқын үлгісін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің тәжірибесінен көруге болады. 

Жақында университет жанынан биотехнология және экология бағытында ғылыми-зерттеу институты ашылды. Мұнда сүт өнімдерін зерттеу, бие сүтіне микроанализ жасау сынды жобалар қолға алынған. Алдағы уақытта бұл зерттеулер жергілікті кәсіпкерлердің өндірістік қажеттілігіне қызмет етпек. Ендігі міндет – ғылымды коммерцияландыру, аграрлы Жетісу өңіріне қажетті кадрларды даярлау. Осы мақсатта университетте ауылшаруашылығына бейімделген жаңа зертханалар іске қосылып, қазіргі таңда бидайдың жаңа сорттары мен сирек кездесетін жеміс ағаштарын көбейту жұмыстары қолға алынған. Бұл жобалар Орталық Азия аумағындағы жалғыз Speed Breeding орталығында жүзеге асуда.

Университеттің халықаралық серіктестіктер аясында үлкен жетістіктерге жетіп отырғанын атап өткен жөн. Мысалы, Италияның Марке политехникалық университетімен бірлескен бағдарлама нәтижесінде студенттер шетелдік оқытушылардан білім алып, қос диплом иегері атануда.

Жас зерттеушілер мен өнертапқыштарға да барлық жағдай жасалған. Былтыр ENACTUS WORLD CUP 2024 байқауына еліміздің атынан қатысқан Жетісу университетінің студенттері  финалға дейін жетті. Олар ұсынған жобалар – түрлі түсті жүгері мен ерекше тауық тұқымы ауылшаруашылығына тың серпін әкелмек.

Техникалық бағыттағы ізденістер де өз жемісін беріп отыр. Университет оқытушылары мен студенттері бірлесіп «Nomad-X» деп аталатын электромотоцикл жасап шығарды. Жылдамдығы сағатына 100 шақырымды құрайтын бұл көлік – экологиялық таза әрі болашақтың көлігі болуға лайық.

Университет әлеуметтік салаға да айрықша көңіл бөліп келеді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар санының артуына байланысты «Арнайы педагогика» мамандығы ашылып, заманауи инклюзивті білім беру кабинеті жұмыс істей бастады. Студенттерге теория мен тәжірибе қатар ұсынылып, ерекше балалармен жұмыс жүргізудің заманауи әдістері үйретілуде.

Ақпараттық технология бағыты да белсенді дамып келеді. «Huawei» компаниясының қолдауымен іске қосылған инновациялық орталықта студенттер жасанды интеллект, сайт жасау, цифрлық жүйелермен жұмыс істеу сияқты заманауи дағдыларды меңгеруде. Қазіргі таңда бұл салада 500-ге жуық студент білім алуда.
Цифрлық жүйеге толық өткен университетте барлық қызмет түрі электронды форматта жүзеге асады. Студенттер кез келген анықтаманы немесе өтінішті онлайн түрде ала алады. Оқу орнында заманауи жатақхана, кино-бөлме, асхана және спорт аймақтары қарастырылған. Студенттер айына 9 мың теңге төлеп, барлық мүмкіндікті қолдана алады. 

Оқу орнының материалдық-техникалық базасы да үнемі жаңартылып келеді. Мысалы, журналистика мамандығына арналған мультимедиа орталығында студенттер подкаст жазып, автоматты түрде бейнемонтаж жасап, болашақ тележурналист мамандығына еркін қадам басуда. Осы салада білім алып жатқан 1-курс студенті Томирис Айсаева:

– Журналистика – бала күнгі арманым. Қазір оқуымды сүйіспеншілікпен оқып жатырмын. Болашақта елге танымал тілші болғым келеді, – дейді.

Бүгінде Жетісу университетінде 91 мамандық бойынша 5 мыңнан астам студент білім алуда. Білім мен ғылымды, жаңалық пен тәжірибені үйлестіре білген оқу орны Жетісу өңірінің ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы. 

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.