Талдықорған: +26°C
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Иттің тектісі – тазы: Кербұлақтағы әулет ұлттық дәстүрді жалғап келеді

11.11.2025
КҮНДЕРЕК
Иттің тектісі – тазы: Кербұлақтағы әулет ұлттық дәстүрді жалғап келеді
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ даласы еркіндік пен кеңдіктің, табиғат пен адам үйлесімінің мекені. Сол ұлан-ғайыр кеңістікте өмір сүрген ата-бабамыз тұмса өмірмен біте қайнасып, өзін қоршаған әлемнің әрбір жаратылысын қадірлей білген. Солардың ішінде ерекше қастерлегені тазы. Тазы – қазақтың ұлттық қазынасы, рухани мұрасының бір бөлшегі. Кербұлақ ауданына қарасты Шұбар ауылының тұрғыны Анар Қазақбаева асыл тұқымды ит өсіріп, әлемдік додаларда топ жарып жүр.

Тазының төзімділігі мен әсемдігі, ақылы мен айбаты халқымыздың мінез-құлқымен егіз десек, артық айтқандық емес. Бүгінде қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалып, ел мақтанышына айналып отыр. Бірақ осы мәртебеге жету жолында талай жылдық еңбектің, адал жанашырлардың маңдай тері бар.

Ғалымдардың пайымдауынша, тазы әлемдегі ең көне аңшы иттердің бірі. Ол борзы тұқымының шығыстық тармағына жатады. Қазақтың тазысы сырт келбетімен ерекше: басы сопақ, денесі сымбатты, жүні тықыр, құйрығы мен салпаң құлағының ұшын шашақты жүн басқан. Ең бастысы, ол шапшаңдық пен төзімділікті бойына үйлестірген. Дала жағдайында бірнеше шақырым бойы тоқтамай жүгіріп, аңды қуып жетуі оның табиғи қасиеті. Қазақбаевтар асырап отырған тазылар осындай сипатқа ие.

– Шынында да қазақ үшін тазы – жай ғана ит емес, сенімді серік, салттың символы. Тазы баптап аңға салуды атамнан үйрендім. Оның қолында талай тазы түлеп ұшқан, талай жүйрік талай бәйгеде көзге түскен. Кейін өзім де 50 жыл бойы үзбей осы іспен айналыстым. Алғаш рет аңға шыққанымда елік алдым, ол кезде құмай тазы деген болатын, – дейді 90-нан асқан Орынтай Қазақбаев.

Қазір атакәсіпті Орынтай ақсақалдың қызы Анар Қазақбаева жалғастырып келеді. Ол тазы баптау тек хобби еместігін, жауапкершілігі мол іс екенін айтады. Сонымен қатар, текті иттің тұқым тазалығын сақтау, баптау тәсілдерін жетілдіру ғылымға айналып бара жатқанын сөз етеді. Ол бүгінде тазы тұқымын асылдандыру ісіне ғылыми тұрғыдан қарап, халықаралық көрмелерге қатысып жүр. Анардың баптаған тазылары талай бәйгеде топ жарып, шетел мамандарының да жоғары бағасын алған.

– Бала күнімнен осы жануарлармен бірге өстім. Біздің үйдің ауласында әрдайым бірнеше тазы болушы еді. Олар отбасымыздың мүшесіндей. Кейде олардың жанына барып, саятшылыққа әзірлік сәттерін қызықтап отыратынмын. Сол кезден бастап жүрегімде тазыға деген ерекше сүйіспеншілік оянды, – деп еске алады Анар Орынтайқызы.

Анардың қорасындағы асыл тұқымды тазылардың арасында әлемдік деңгейде танылған Раджа есімді тазы бар. Бұл жануар ТМД елдерінің халықаралық көрмесінде жүлде алып, ел абыройын асқақтатқан екен. Бұл ит тоғыз мәрте халықаралық және республикалық жарыстардың чемпионы атаныпты.

– Раджа – тәртіпті, сезімтал, иесіне берілген жануар. Одан бөлек, Көкқұс есімді тазым да бар. Бұл тазы көрермен мен қазылар алқасын өз ажарымен баурап алатын нағыз сұлу. Жалпы 10-нан көп тазы асырап отырмын. Оның бәрін сіздерге де, өзгелерге де көрсете алмаймын. Көз, тіл тиюі мүмкін. Не дегенмен, асыл тұқымды ит емес пе, – дейді тазы асыраушы.

Атакәсіпті жалғастыруға Орынтай ақсақалдың немерелері де ниетті. Бүгінде немересі Дәурен аңшылық жайлы білім алып жатса, Жания кинолог болуды армандап жүр. Міне, осылайша бір әулеттің өмірі арқылы тұтас ұлттың рухани байлығы мен мәдени қазынасы сақталып отыр. Тазы өсіру – жай ғана кәсіп емес, ұлттың мінезін, даланың болмысын, адам мен жануар арасындағы сенімді бейнелейтін дәстүр десек қателеспейміз.

Қазақ даласының кең төсінде желмен жарысып, аңмен алысқан текті тұқым тазы. Бүгінде оның тұқымын сақтау мен көбейту ұлттық деңгейдегі маңызды іс. Мамандардың айтуынша, қазір тек Жетісу өңірінде ғана бес жүзге жуық тазы тіркелген. Алайда олардың барлығы бірдей ғылыми талаптарға сай бағылып, асыл тұқым ретінде дамып жатқан жоқ.

Қазақ тазысы ұлттың тарихымен, мәдениетімен біте қайнасқан қасиетті құндылық. Ол – батыр бабалардың серігі, аңшының сенімді жолдасы, қазақтың еркін рухының бейнесі. Сондықтан тазыны сақтау – ұлттың рухын сақтау екенін естен шығармайық.

Медет ЖҰМАБАЙ
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Тұтынушылардың 20 миллион теңгесі қайтарылды

Тұтынушылардың 20 миллион теңгесі қайтарылды

25.06.2026
Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

25.06.2026
Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

25.06.2026
Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

25.06.2026
Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

25.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.