Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұйқыны қалай азайтуға болады?

5 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
Ұйқыны қалай азайтуға болады?
WhatsAppTelegramFacebook

Ұйқы – Алла Тағаланың бұл әлемге қойған заңдылығы әрі адам баласына берген үлкен нығметінің бірі, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ дерегіне сүйеніп.

Ол сондай Алла, сендерге түнді киім, ұйқыны тынығу етіп, күндізді (кәсіпке) тарқау мезгілі қылды, – деген Алла Тағала Құранда.

Алла Тағала түнді бізге тынығу үшін бергендіктен, түнде көбірек ұйықтап, ал күндіз тіршілік қамын жасау керек. Ұйқының мақсаты – денені демалдыру, күш-қуат жинау және Аллаға құлшылық етуге дайын болу.

Жалпы шариғатта ұйқыны азайтуға қатысты нақты дәлелдер келмегенімен, ұйқыны реттеу, көп ұйықтамау және уақытты тиімді пайдалану сияқты насихаттар айтылған. 

Сол себепті адам ұйқысын реттесе, өмірде көп жетістікке қол жеткізеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), сахабалар аз ұйықтаған. Соған қарамастан түннің бір бөлігінде намазға тұратын. 

Олар (мұхсиндер) түннен аз ғана ұйықтайтын, ал сәресінде олар кешірім тілейтін, — дейді Алла Тағала Құранда құлшылық етушілерді сипаттап.

Сол себепті де білім иелері көп ұйықтауды мәкрүһ санаған. Өйткені көп ұйықтау – жалқаулықтың белгісі әрі уақытты босқа өткізуге алып барады. 

 Көп ұйқы жүректі өлтіреді, денеге ауырлық туғызады. Уақытты азайтып, ғапылдық пен жалқаулыққа алып келеді. Ұйқының ең пайдалысы – қатты ұйқы қысқан уақытта ұйықтау, – деген кейбір ғалымдар.

Алайда ұйқыны денсаулыққа зиян тигізетіндей мөлшерде азайтуға да болмайды. Төменде ұйқыны азайтуға болатын кейбір себептерге тоқталсақ:

Тамақты аз жеу.

 Өйткені асқазан асқа толған сайын адам көп ұйықтайды. Ал тамақты азайтқан сайын, ұйқы да азаяды. Сонымен қатар тамаққа тойып ұйықтау – денсаулыққа зиян әрі ауыр ұйқыға себеп.

Таңертең ерте тұрып, түнде уақытылы ұйықтау. 

Өйткені таң намазы мен күн шығудың арасында ұйықтау – ұнамсыз амал. Себебі ол уақыт – ризықтар түсіріліп, берекеге кенелетін сәт. Түнде құптан намазын оқып, бірден ұйықтаған жақсы. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құптан намазына дейін ұйықтауды және одан кейін бос сөзді ұнатпаған.

Ұйықтау уақытын бірте-бірте қысқарту.

 Осылайша адам нәпсісін тәрбиелейді.

Ғибадатына мән беріп, қаза етіп алам ба деп қорқу. 

Өйткені адам қорқып бір нәрсені ойласа, ұйқысы азаяды.

Ұйқының сапасын жақсарту. 

Ұйықтар алдында гаджеттерді қолданбау, бөлмені қараңғылау, терезені ашып, ауаны тазарту сияқты әдістер тиімді.

Бұл амалдар ұйқыны реттеуге, көп ұйықтамауға әрі уақытты тиімді пайдалануға септігін тигізеді.

Фото: pixabay.com

 

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.