Талдықорған: +20°C
$ 467.63
€ 547.69
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кәсібіне адал жандар

14.05.2026
КҮНДЕРЕК
Кәсібіне адал жандар
WhatsAppTelegramFacebook

Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Халықаралық мейіргерлер күніне арналған салтанатты шара өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған мереке медицина қауымдастығы өкілдерін, сала ардагерлері мен жас мамандарды бір арнаға тоғыстырды.

Салтанатты жиын иелерін кәсіби мерекемен құттықтаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықов денсаулық сақтау жүйесіндегі орта буын медицина қызметкерлерінің ерекше рөлін атап өтіп, олардың жоғары кәсібилігіне, жауапкершілігіне және жанқиярлық еңбегіне тоқталды.

– Медбике – жай ғана мамандық емес, үлкен төзімділікті, мейірімділік пен рухани күшті талап ететін нағыз өмірлік миссия. Сіздер күн сайын науқастардың жанынан табылып, медициналық көмекпен қатар моральдық қолдау көрсетіп, адамдарға өмірдің ең қиын сынақтарын еңсеруге көмектесесіздер, – деді Асқар Маратұлы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы медицина қызметкерлерінің еңбегі көбіне үлкен тәуекел мен зор жауапкершілікпен байланысты екенін атап өтті. Ол Матай ауылынан Талдықорғанға ауыр хәлдегі баланы тасымалдау кезінде қаза тапқан медицина қызметкерлерінің қайғылы оқиғасын терең құрметпен еске алып, төтенше жағдайларда кәсіби батылдық танытқан әріптестерінің еңбегін мысалға келтірді.

Жуырда жедел коронарлық синдромға шалдыққан науқасқа сәтті реанимациялық көмек көрсеткен Талдықорған дәрігерлері мен өрт кезінде бір отбасын аман алып қалған Ескелді ауданы жедел жәрдем фельдшерлерінің кәсіби шеберлігі, жеделдігі мен жанқиярлығы ерекше аталып өтті.

– Бұл мысалдар медицина қызметкерлерінің адам өмірі мен денсаулығын сақтау жолында кез келген қиын жағдайда әрекет етуге дайын екенін, олардың жоғары жауапкершілігі мен адамгершілігін айқын көрсетеді, – деді Асқар Садықов.

Салтанатты шара барысында мейіргер ісінің үздік өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі, жоғары кәсібилігі және өңір медицинасының дамуына қосқан үлесі үшін 28 медицина қызметкері облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Марапатталғандардың қатарында Алакөл аудандық орталық ауруханасының медбикесі Дария Сахария, Көксу аудандық орталық ауруханасының медбикесі Айгүл Асылбекова, Ақсу аудандық орталық ауруханасына қарасты Қапал ауылдық ауруханасының учаскелік медбикесі Бақытгүл Жатақбаева, Талдықорған облыстық ауруханасы консультативтік-диагностикалық бөлімінің аға медбикесі Гүлбану Жарылқасынова, облыстық перинаталдық орталықтың медбикесі Сания Қасенова және №2 қалалық емхананың медбикесі Бибігүл Темірғалиева бар.

Өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан тағы 26 медбике облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мейіргер ісінің ардагерлері Гүлайым Нүсіпова мен Майра Ибраеваға ерекше алғыс айтылды. Көп жылғы адал еңбегі, мамандыққа деген беріктігі және денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін оларға лайықты марапаттар табысталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қазіргі денсаулық сақтау жүйесін медбикелердің кәсібилігі, жанашырлығы мен жауапкершілігінсіз елестету мүмкін еместігін атап өтті.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Аймақ тұрғындарының өмірі мен денсаулығын күзетіп жүрген ақ халатты абзал жандарға деген құрмет пен ризашылыққа толы жылы атмосфера сыйлады.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жол салу мен жөндеуді отандық өндім толық қамтып отыр

Жол салу мен жөндеуді отандық өндім толық қамтып отыр

14.05.2026
Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың қамау мерзімі ұзартылды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың қамау мерзімі ұзартылды

14.05.2026
Балық экспорттау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Балық экспорттау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

14.05.2026
Алакөлге жазда 15 қосымша пойыз бағыты жолға шығады

Алакөлге жазда 15 қосымша пойыз бағыты жолға шығады

14.05.2026
Қазақстандық мамандар Қытайда су тазарту технологияларын меңгеруде

Қазақстандық мамандар Қытайда су тазарту технологияларын меңгеруде

14.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.