Талдықорған: +15°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кәсіпкерге қорған керек

10.02.2026
КҮНДЕРЕК
Кәсіпкерге қорған керек

EGOV.KZ

WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстық кәсіпкерлер палатасының құқықтық блогы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және аймақта қолайлы іскерлік ортаны қалыптастыруға бағытталған қызмет тұрақты да нәтижелі көрсеткіш көрсетті.

Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау болды. Есептік кезеңде құқықтық блокқа 100-ден аса өтініш түсті, олардың 60-қа жуығы оң шешімін тапты. Өтініштерді талдауда ең көп сұрақ жер қатынастарына, салық дауларына, мемлекеттік сатып алу саласына, агроөнеркәсіптік кешенге, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымдануға қатысты өрбіді.

Жыл қорытындысы бойынша өтелген шығындар мен алдын алынған шығындардың жалпы көлемі 1,287 млрд. теңгені құрады, бұл қабылданған шаралардың тәжірибелік тиімділігін растайды.

– Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – бұл жекелеген өтініштерге бір реттік көзқарас емес, бизнеске қысым жасайтын себептерді жоюға бағытталған жүйелі жұмыс. Құқықтық блоктың нәтижелері мемлекеттік органдармен диалог құрған кезде бұзылған құқықтарды қалпына келтіріп қана қоймай, кәсіпкерлердің біраз қаржылық шығындарын алдын алуға болатынын көрсетеді, – дейді жұмыс қорытындысына түсініктеме берген облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев.

Құқықтық блок қызметінің маңызды бағыттарының бірі – бизнесті сот арқылы сүйемелдеу болды. Есепті кезеңде өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен 35 сот ісіне қатысты. Қарау қорытындысына сәйкес 18 сот актісі кәсіпкерлердің пайдасына шығарылып, тағы 5 іс медиация жолымен аяқталды. Бұл дауларды сотқа дейінгі тәртіппен реттеуге және бизнестің қаржылық және уақыт шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.

«BASKAN RIV» ЖШС-не қатысты «Жетісу облысының Жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арызы бойынша өткен жылы қаралған өтініш құқықтық қорғаудың айрықша мысалы болды. Мемлекеттік орган бұл талапты компания тіркелген мал басының болмауына байланысты жерді мақсатты пайдаланбайды деп сендірді. Сонымен бірге, «BASKAN RIV» ЖШС инвестор болып табылады, ал жер учаскелері инвестициялық жобаны іске асыру үшін берілген. 2024 жылы жобаның шарттары ресми түрде түзетіліп, оны жүзеге асыру мерзімі 2030 жылға дейін ұзартылды.

Осыған қарамастан, талап ұлттық инвестициялық жобалар орталығы тізілімінің мәліметтерін есепке алмай және міндетті прокурорлық сүзгіден өтпей берілді. Кәсіпкерлер палатасының араласуы нәтижесінде талап-арыз қайтарып алынды. Бұл жер учаскелерін негізсіз алып қоюдың алдын алуға және инвестордың құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді. Заң блогының қызметінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің жұмысына ерекше назар аударылады.

Есепті кезеңде кеңестің 14 отырысы өткізілді, оның екеуі көшпелі отырыс. Сондай-ақ, 38 проблемалық мәселе қаралып, 58 ұсыным әзірленді, оның 48-ін уәкілетті мемлекеттік органдар қолдады.

– Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес әрбір мәселе құқықтық бағаланатын тиімді алаң болып саналады. Біз үшін өтінішті қарастырып қана қоймай, заңсыз шешімдердің күшін жою немесе бизнестің қаржылық шығындарының алдын алу болсын, оны нақты нәтижеге жеткізу де маңызды, – дейді кеңес жұмысының аймақтық бизнес үшін маңыздылығын атап өткен облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Думан Керімбаев.

2010 жылдан бастап Германия, Түркия және Ресейге дәрілік өсімдік шикізатын өсіру, қайта өңдеу және экспорттаумен айналысатын «AZIA GOLD» ЖШС-нің жағдайы кеңес жұмысының нақты мысалы болды. Өткен жылдың қаңтар айында компания өкілдері қосымша құн салығы нөлдік мөлшерлемесін қолдану мәселесіне сәйкес Сарқан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына шақырылды.

Кеңес мәселені қарау кезінде кәсіпкерді тиісінше хабардар етпей және салықтық тексеру актісін ресімдемей шақырудан көрінетін заңсыз іс-әрекеттер белгілері анықталған. Қарастыру нәтижесінде қосымша құн салығы қосымша есептеу тәуекелі толығымен жойылды. Өңірлік деңгейдегі әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жүйелі жұмыс шеңберінде құқықтық блок жергілікті атқарушы органдардың екі шешімін қайта қарау немесе күшін жою қажеттілігі туралы мәселеге бастама жасады. Өңірлік және республикалық деңгейдегі нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша 6 ұсыныс жіберілді. Қарау қорытындысына сәйкес облыстық кәсіпкерлер палатасының 5 ұсынымы қолдау тапты.

Палатаның құқықтық блогы прокуратура органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, соттар, басқа да мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимыл құрды. Бұл проблемалық жағдайларға жедел ден қоюға және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қорытындылай келе, облыстық кәсіпкерлер палатасының құқықтық блогы бизнестің құқықтық қорғалуын нығайту, кәсіпкерлер мен мемлекет арасындағы сындарлы диалогты дамыту және өңірде тұрақты қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыру бойынша дәйекті жұмысты жалғастыруда.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.