Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кеңес кезінің анекдоттары

02.02.2025
КҮНДЕРЕК
Кеңес кезінің анекдоттары

Шынайы баспасөз бостандығы жоқ кезде халық арасына анекдот түріндегі ауызекі әңгімелер тарай бастайды. Соларды тыңдап, оқып отырып: «Өмір шындығын қалай дәл берген?!» деп еріксіз таңғаласың, күлмеске шараң қалмайды… Иә, кезінде сондай анекдоттар үшін де талай адам итжеккенге айдалып кетті емес пе? Назар аударайық.

Кім ұйымдастырды?

Бірде хирург пен сәулетші, саясатшы үшеуі қайсысының мамандығы ежелгі мамандықтардың қатарына жатады деп таласып қалады. 
– Хауа анамыз Адам атаның қабырғасынан жаратылған. Мұның өзі хирургиялық операция, – дейді хирург масаттанып.
– Алла тағаланың өзі бейберекет, ретсіз тірліктен Әлемді жасады емес пе? Ондай тірлік сәулетшінің ғана қолынан келеді.
– Сіздер сол бейберекет тірлікті кімнің ұйымдастырғанын ұмытпағандарыңыз жөн, – деп саясаткер екеуінің әңгімесін бөліп жіберіпті. 

Әлі қарызбыз ба?

Ильичтің мавзолейінде милиционер келушілерге: «Соңғы парыздарыңызды, қарыздарыңызды өтеңіздер де тездетіп сыртқа шыға беріңіздер» деп қақылдап қоймайтын көрінеді.
– Хаим, естіп тұрсың ба? Біздің қолда барымыздың бәрін тартып алған адамға әлі қарыздар екенбіз…

Бір ғана партия

Театрға жаңа директор тағайындалады. Жұмысшылар қатарынан, әрине. Ол бәрін қарап, тексеріп шыққаннан кейін барабаншыға тиісе бастайды.
– Толық жалақы алғаныңмен атқаратын шаруаң шамалы екен. Көбірек даңғырлатуың керек.
– Енді менің оркестрдегі партиям осындай ғой!..
– Менің партиям дейсің бе? Бұдан былай ондай әңгімені доғар. Бізде бір ғана партия!.. 

Ақпақұлақ тыңдаушылар

Рабфактың оқытушысы әріптесіне ренішін айтып тұр дейді:
– Тыңдаушыларымның надандығында шек жоқ па деймін. Бір рет түсіндірсем – ұқпайды, қайталай түсіндірсем тағы да миларына кірмейді. Үшінші рет қайталағанда өзім де аздап түсіне бастаймын… Олар сонда да ұқпайды. 

Бюро мүшелері

Рабиновичті партияға қабылдап жатқан кезде оның Петлюраның тойында скрипка тартқаны белгілі болып қалады. 
Достары: «Сен оны мойындамай ғой. Кім біліп жатыр дейсің?» деген ақыл береді.
– Өйте алмаймын, – дейді партия мүшелігіне кандидат. – Сол тойда қонақ болғандардың бәрі бюро мүшелері болып отыр.

Екі жылқышы бар ғой…

Колхоз басқармасының жиынында тракторшының арақ ішіп алып еңбек тәртібін өрескел бұзғаны қаралады.
– Оны өлім жазасына кесейік, – дейді бір қария.
– Өйтуге болмайды. Баяғы кез емес. Бізде ондай қатаң жазалауға ешқашан жол берілмейді, – дейді басқарма төрағасы.
Жаңағы қария трактористі дарға асайық деген ұсыныс жасайды. Төраға бүкіл колхозда трактористің жалғыз екенін, онсыз бүкіл шаруаның тоқтап қалатынын түсіндіреді.
– Жарайды, онда жылқышыны дарға асайық!
– Оны не үшін?
– Колхозда екі бірдей жылқышы бар емес пе?

Директордың мәшинесі

Кеңестер одағы жұмысшыларының делегациясы АҚШ-тың автомобиль зауытына барады.
– Мына зауыт кімге тиесілі? – деп сұрайды жұмысшылар гидтен.
– Фордқа.
– Ал тұрақтағы мәшинелер кімдікі?
– Жұмысшылардікі.
Өз кезегінде американдық жұмысшылардың делегациясы кеңес зауытына келеді.
– Мына зауыттың қожасы кім?
– Жұмысшылар, – дейді партком мүшесі.
– Ал тұрақтағы мәшине кімдікі?
– Директордікі…

Фото: depositphotos.com

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.