Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кел, балалар, оқылық

21.06.2026
КҮНДЕРЕК
Кел, балалар, оқылық
WhatsAppTelegramFacebook

«Дала қоңырауы» атанған Ыбырай атамның дәл осы бірауыз сөзі бала кезімізде бүкіл мектептің маңдайшасында тұратын. Алтын ұямыздың табалдырығынан аттап, алғашқы ұстазымыздың алдында әліппемізді қолға алғанда «Кел, балалар, оқылық» сөзімен басталатын тақпақты жаттап, тақылдап айтып, «бестік» баға алған сәтте бізді ықыласпен оқуға шақырып тұрған Ыбырай атамыздың өлеңі екенін білгенбіз.

Әлқисса, Алтынсарының баласы аманаттаған алтыннан қымбат асыл сөз әлі де болса құнды. Бірақ, оқуға ықылас таныту былай тұрсын, кежегесінен кері тартып, Ыбырай атамнан қалған оймақтай ойды санасына тоқи алмай, қоғамда қадірі кетіп жүргендер көбейіп бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Солай екен деп селқос қарап отыра беруге тағы болмайды. «Адам кітап оқуды тоқтатқан күні, ойлауды да тоқтатады» деген тәмсіл бекер айтылмаса керек! Тұрып қалған судың түбінде саситыны сияқты, ойлауды тоқтатқан мидың да бұзылатыны шындық. Ақылдың қазынасына айналған ми зақымданса, ар-ұяттың мекені болған жүрек қараяды. Ал жүрекке сызат түссе, тіліңізден дұрыс сөз шықпайтыны белгілі. Жанымызды аздыратын мұндай дерттен тазалаудың бір ғана жолы бар. Ол – қалай да амалын тауып, кітап оқу және оқуға шақыру. Яғни, дана Ыбырайдың дара жолын заман талабына сай жалғастыру.

Осы орайда, былтырғы ақпан айынан бері Жетісу жерінде «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі жұмыс істеп келеді. Облыс әкімдігінің қолдауымен жеңімпаздар қаржылай марапатталады. Өткен жылы 20 оқушы марапатқа ие болса, биылғы маусым айының басында болған «Кітап – үнсіз ұстаз» атты салтанатты кеште 115 бала жеңімпаз атанды. Кері байланыс жасаған белсенділіктерімен қатар оқыған кітап санына қарай 5 мыңнан 30 мыңға дейін ақшалай сыйлыққа қол жеткізді. Осы орайда Панфилов ауданындағы талабы таудай бірнеше оқушының ой-пікірімен бөлісіп, оқырманға ұсынуды жөн көрдік. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын тауып, басқа өңірдегі «мизамдық» достарымыз да ата басылымның төрінен орын алады.

***

Мені өзгерткен – КІТАП

Бүгін мен сіздерге 9-сынып оқушысының есебін емес, бір кітаптың адам тағдырын қалай өзгерте алатыны туралы айтқым келеді. Аты-жөнім Әлихан Қуанышұлы. Жаркент қаласының тумасымын, әдебиет әлемінде бой көтеріп келе жатқан жастардың бірімін! «Мизам» мектебінде оқығанға дейін сахнаға шығуға, өз ойымды анық айтуға ұялатын едім. «Мизам» екінші тынысымды ашып, кітапқа деген махаббатымды оятты.

Кейде ойыма «Неге менімен қатарлас балалар кітап оқымайды?» деген сауал келеді. Осы сұрақтың жауабын табу үшін төмендегі 3 жобаны іске асырдым. «Өркен», «Кемел», «Парасат» секілді жобалар қазіргі таңда балаларды кітаппен тығыз байланыстыруда. «Сана», «Қасым», «Отбасы хрестоматиясы» секілді баспалар да қолдау білдіріп отыр.

Бұл жобада біз балаларды кітапқа қызықтыру мақсатында жазушы, журналист, логотерапия идеяларын насихаттаушы Санжар Керімбай ағамызды, сонымен қатар, Хамит Ердехан, Алпамыс секілді танымал ағаларымызды онлайн шеберлік сағатына шақырдық. Нәтижесінде жобамыздағы жастар саны 170-тен асты.

Біз тек кітап оқымай, оны жаза алдық. Осыдан бір жыл бұрын біреу маған кітап жазасың десе, сенбес едім. «Мизам» ішімдегі ұйықтап жатқан жазушыны оятты. Аз уақыттың ішінде «Тілсіз қыз» әңгімесін жаздым. Түсіме кірмегенді өңімде жүзеге асырып жүрмін. Республикалық «Шимайла» журналының бетіне шықтық.

«Мизам» жылжымалы әдебиет мектебінің арқасында кітап оқуды ғана емес, сонымен қатар, ақындық жолға бейімделіп, 20-дан астам өлеңнің авторы атандым.
Кітап оқу жолында шешендік қабілет, есте сақтау, сөздік қор, зейін, ықылас секілді қасиеттер мен ізгі ниеттерді бойымызға дарыттық.

«Бала жүрегі кішкентай сыр сандық, кілтін тапсаң ғана ашылады» деген тәмсіл бар. Менің жүрегімнің сандығын ашқан «Мизамдағы» қос ұстазыма алғысым шексіз.
Бәлкім, Мағжан Жұмабаев атамыздың:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн! – деп сенген жастары біз болармыз!

Әлихан Қуанышұлы,
Жаркент қаласы орта мектебінің оқушысы

***

Рахмет саған, «МИЗАМ»

«Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі кітап оқуға ықыласты оқушының жолына бағыт бере білетін – темірқазық. Бұл жай ғана мектеп емес. Сөз сиқырын түсінетіндердің бас қосатын киелі ордасы.

Мұнда кітап тек қағаз бен сия емес, дем алып тұрған тіршілік иесі сияқты. Әр беті жүрекпен сөйлесіп, әр жолы өмірдің жасырын мағынасын ашады. «Мизам» маған тек қана оқуды үйретпеді. Ол маған сөз әлемінің ұлы қасиетін ұғындырды.

Сөздің арасындағы тынысты, тыныштық ішіндегі дауылды, қарапайым сөйлемнің артындағы терең мұхитты сезіндірді.

Бұл мектепте мен тек оқырман ғана емес, ойдың саяхатшысы, сезімнің суретшісі болдым. «Мизам» – менің рухани үйім.

Кітапты сүюді емес, онымен бірге өмір сүруді үйрендім. «Мизам» болмаса, дәл қазіргідей сөздің қадірін, әдебиеттің тынысын білмес едім. Рахмет саған, «Мизам»! Рахмет, сіздерге дәл осы санамды оятқан мектептің негізін қалаушы жайдары ағайларым. Сіздер менің ойымның көкжиегін кеңейттіңіздер!

Айгүл Қазайбек,
Ш. Байбатшаев атындағы орта мектептің оқушысы
Аққұдық ауылы

***

САНАМНЫҢ ЖАРЫҚ СӘУЛЕСІ

«Мизам» мектебінің бірінші ауысымы аяқталған соң жүрегімде бір жауһар идея жарқ етті. Неге өз мектебімде де кітаптың сиқырымен оқушылардың жандүниесін оятпасқа? Оқитын жүректің отын тұтатуға, ойдың тереңдігін ашу, шығармашылық қанатты кеңейтуге неге әрекет етпеске?! Осы мақсатпен «Оқуға құштар мектеп» жобасы дүниеге келді. Ал оның жүрегі, мәні – «MindBook» атты кітап оқу клубы.

Клубтың мақсаты – кітапты ойлауды дамытатын, жүректі байытатын және тұлғаны қалыптастыратын рухани қару ретінде таныту. Оқушыларды кітап оқу арқылы шынайы сыншыға, өз пікірін дәлелдей алатын ойлы, шығармашылық тұлғаға айналдыру. Сөз мәдениетін шыңдау арқылы болашақта саналы, парасатты азаматтарды тәрбиелеу.

Бастапқы 10 мүшеден 5 айда 105 оқушыға жеткен клуб қазірдің өзінде оқушылардың әдеби талғамын қалыптастырып, көркем сөзге деген сүйіспеншілігін арттыруда.
Бұл клуб «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебінің біздің білім ордасындағы бір отауы. Біздің облыста ғана бар «Мизам» мектебі шынымен де кітапқа құмар оқушылар арасында брендке айналды. Облыста өтетін әртүрлі байқауға барғанда әр ауданнан келсек те «мизамдықтар» бір-бірімізге тілектес болып отырамыз. Өйткені біз бұл жолда мақсатымыз бір, бағытымыз айқын оқушыларымыз. «Мизам» бізге аз-аздан үзбей оқу арқылы кітап әлеміне еркін еніп кетуімізді үйретті. Бүгінгі технология қарқындап дамыған заманда жанымызға рухани нәр беріп, санамызға жарық сәуле құя білген «Мизамға» мың алғыс! Ойымды заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің сөзімен түйіндесем: «Кітапты сүйген адам – өмірді сүйеді».

Алима Нүсіп,
Дәнеш Рақышев атындағы орта мектептің оқушысы
Талды ауылы

***

Танымның тылсым бөлмесі

​Дәстүрдің көне соқпағын бөлек арнап бір,
Көктемнің нұрлы шағынан шуақ таңдап тұр.
Бұл мектеп емес – танымның тылсым бөлмесі,
Қабырғасында уақыттың сыры аунап тұр.

​Басқаша мұнда аспанның ашық арайы,
Сусындап кетер біліммен мұнда талайы.
Көңіл төрінен орын алған бұл «Мизам»,
Адамның ішкі әлемін ұстар сарайы.

​Парақтап кітап, ілімнің ашып парағын,
Ұқтырды мектеп даналық іздеу талабын.
Болашақ күнге мақсат пен жоспар құрғызып,
Ұштады мұнда ақынның өткір қаламын.

Абайдың сөзін ұстанып мәңгі сертіне,
Үңілген терең адамның рухы, еркіне.
Жұматай ағай – хакімнің бүгін бейнесі,
Даналық ізін дарытқан шәкірт көркіне.

​Қара сөздердің астарын ашып, талдаған,
Шешендік сөзден маржан мен жақұт таңдаған.
Өнерге жақын өрелі, биік болмысың,
Жас оқырманның қанатын мұнда қамдаған.

​Заманның іліп ең озық, жаңа белесін,
Сенімсіз жанға сыйладыңыз-ау ер есін.
Мұхтар ағайдың сабағын бір рет тыңдаған,
Биікке қарай бағыттар ойдың кемесін.

​Әзілмен өріп, еркіндік берген сабақта,
Жасандылық жоқ, шынайы ұлы талапта.
Үйреттіңіз ғой мақсат құрудың кең жолын,
Әр күнімізді белгілеп тұрып параққа.

​Қалыпқа сыймас ерекше мұнда әр тыныс,
Жүрекпен ұғар жандарға – терең тартылыс.
«Мизамның» алтын жібіндей нәзік, өміршең,
Басталар мұнда биікке ұшар талпыныс.

​Құрғақ бір сөзбен өлшенбес ішкі мәдениет,
Әр бала – жұлдыз, әр ұстаз – нұрлы өсиет.
Өзгеше әлем, өзіндік соқпақ, өр мінез,
«Мизамға» ғана бұйырған дара қасиет!

Айым Алғожа,
Айдарлы орта мектебінің оқушысы
Айдарлы ауылы

Қатысты жаңалықтар

Қазақ тілінің иммунитеті

Ертеңін ойлаған ел азбайды

03.09.2026
Көркемсөздің Күнсаясы

Көркемсөздің Күнсаясы

03.09.2026
Саятшылықтың сарқытын сақтаған

Саятшылықтың сарқытын сақтаған

03.09.2026
Қазақстан мен Лаос ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

Қазақстан мен Лаос ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

03.09.2026
АХҚО мен Лаос серіктестігі: Қазақстанға жаңа инвестиция тартылады

АХҚО мен Лаос серіктестігі: Қазақстанға жаңа инвестиция тартылады

03.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.