Талдықорған: +13°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр

2 қазан 2023
КҮНДЕРЕК
Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр
WhatsAppTelegramFacebook

Алматыда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай «Қазақ детектив жанрының дарабозы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алқалы жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінің шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Шара барысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының құттықтау сөзін оқып берді.

Конференцияда еліміздегі детектив жанрының дамуы мен ерекшелігі, «Қазақ детективінің атасы» атанған жазушы Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер мен тың тұжырымдар талқыланды.

Сарапшы ғалымдар Кемел Тоқаев тек қазақ детектив жанрының ғана емес, Орталық Азия әдебиетінде осынау бірегей жанрдың дамуына ерекше үлес қосқан жазушы екенін атап өтті.

Қырғызстан жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Қалыбеков, Қырғызстанда Кемел Тоқаевтың музейін ашуды ұсынды.

«Отызыншы жылдардағы қазақ пен қырғыздың басынан өткен қиын тағдырды сол музей аясында көпшілікке таныстыруға болар еді», — деді Нұрлан Қалыбеков.

«Маьнавият ва маьрифат» республикалық орталығының жетекшісі, Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі Минхожиддин Ходжиматов қазір Өзбекстанда қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын аудару ісі қарқын алғанын, Кемел Тоқаевтің 100 жылдығы қазаққа ғана емес, өзбекке де ортақ мереке екенін жеткізді. Сондай-ақ, өзбек тілінде аударылған Кемел Тоқаевтың кітабын Қазақстан Жазушылар одағына сыйлады.

Конференция аясында «Қазақ детектив жанрының негізін қалаушы», «Отан үшін от кешу», «Журналист – қоғамның айнасы, құлағы һәм тілі» атты тақырыптық секциялар ұйымдастырылды.

Конференция қорытындысы бойынша спикерлер мен сарапшылардың баяндамалары арнайы жинаққа басылып шығады.

Фото: Александр Павский

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттың  қазынасы

Тіл – ұлттың қазынасы

Бүгін, 11:11
«Тарихи тұлғалар» тізімі ұсыныстан шешімге дейін

«Тарихи тұлғалар» тізімі ұсыныстан шешімге дейін

Бүгін, 10:33
«Оңай ақша» оңдырмас

«Оңай ақша» оңдырмас

Бүгін, 09:06
Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.