Алматыдан солтүстікке қарай 114 шақырым жерде, Кербұлақ ауданы аумағында жер сілкінісі тіркелді.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша кеше түскі сағат 13:31-де Білім және ғылым министрлігінің сейсмикалық стансылар желісі жер сілкінісін анықтады. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстікке қарай 114 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 8.7. MPV магнитудасы — 4,4.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»