31 қазан мен 2 қараша аралығында Кербұлақ ауданында жасөспірімдер және жастар арасында дәстүрлі «Жас барыс» республикалық турниріне іріктеу чемпионаты өтті.
Сарыөзек ауылында өткен додаға облыстың 8 ауданы мен 2 қаласынан 200-ден астам балуан қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар қазақ күресінің рухын, қайсарлығын және төзімділігін айқын көрсетті.
Командалық есеп бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Алакөл ауданы
2 орын – Кербұлақ ауданы
3 орын – Талдықорған қаласы
Бұл іріктеу кезеңі жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, алдағы республикалық додаға дайындалуына үлкен мүмкіндік берді.
«Жетісу-Ақпарат»





