Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көгілдір отынға қосылды

18 қыркүйек 2023
КҮНДЕРЕК
Көгілдір отынға қосылды
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданы Балпық би ауылында жаңадан бой көтерген «Береке» шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің дені газ желісіне қосылған. Тек Мырзабеков, 3 көпқабатты үйдің тұрғындары көгілдір отынды пайдалануды көптен армандап жүрді. Желі үй іргесіне жақын орналасқанмен тұрғындарға түк пайда болмады.

Бұл үйдегілердің желіге өз күшімен қосылуға да мүмкіндігі төмен еді. Себебі тұрғындардың дені әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар. Нәтижесінде іргедегі игілікке қол жеткізе алмаған соң аудандағы атқамінерлерге қаншама рет мәселесін даулап барыпты. Шешімді жол табылмаған соң ауданға іссапармен келген облыс басшысына жан айқайын жеткізген. Өңір халқының әлеуметтік мәселелерінің түйінін тарқатуда ұтымды шешім қабылдайтын аймақ басшысы жергілікті атқамінерлерге қайырымды азаматтар тауып, газдандыру мәселесін шешуді тапсырған.

Содан жергілікті әкімдіктегілер «BSP-CROUP LTD» ЖШС-мен келісіп, нәтижесінде серіктестік өз қаржысы есебінен 50 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйге газ желісін тартып берген. Қайырымдылық үшін жұмсалған қаржы – 2,5 млн. теңге.

Тұрғындарды құттықтай келген аудан әкімі Марлен Көлбаев айтулы мәселені шешуге атсалысқан серіктестік басшылығына алғысын білдірді.

– Бұл көпқабатты тұрғын үйдің газ желісіне қосылып, көгілдір отынның игілігін көруіне бірден-бір себепкер – Айман Тойшыбекова апамыз. Облыс әкімінің қабылдауында болып, көптің мәселесін шешуге септесуін сұрады. Аймақ басшысы бізге тапсырма жүктеп, түйткілді тарқатуды тапсырды. Нәтижесі осы. Жалпы, Көксу ауданының тұрғындары жайлы өмір сүруі үшін бар жағдайды жасаймыз. Келер жылы Балпық би ауылының тұрғындары толықтай жылы су желісіне қосылады. Бұл бағытта жобалық сметалық құжат әзірленуде. Мемлекет басшысы «Баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты», – деген еді. Президент жүктеген міндеттер орындалып, әрбір көксулық қолайлы ортада өмір сүретін жағдайға қол жеткіземіз, – деді аудан әкімі.

Сәуле Тәнтібаева көптен күткен игілікке қол жеткізгеніне баладай қуанып жүр. Айтуынша, осындай қайырлы азаматтар көп болса, елде жүзеге асқан оңтайлы істер артады екен.

– Аудан басшылығына, қайырымды азаматтарға алғаусыз алғыс білдіру аздық етеді. Көптің тілеуін орындаған жандарға басымды иемін. Жергілікті әкімдіктегілер алдағы уақытта көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандырамыз деп отыр. Қалайша баладай қуанбасқа, – деді қуанышын жасырмаған тұрғын.

Ал Айман Тойшыбаева бұл тұрғын үйге газ қосу аудан әкімдігіне М. Көлбаев жайғасқалы жасалып жатқан өрісті тірліктің кішкентай пұшпағы екенін атап айтты.

– Марлен Көлбаев ғимаратқа қамалып отыруды жаны сүймейтін, халық ортасында жүруге машықтанған Жаңа Қазақстанның әкімі ғой. Көптің сөзіне құлақ түре біледі. Ауданымызды гүлдендіргеніміз үшін алғыс білдіреміз, – деді А. Тойшыбекова.

Жалпы, Көксу ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды. Жыл соңына дейін ауданда көгілдір отынға қол жеткізген ауылдардың қатары толығады. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мади Кәрібаевтың айтуынша, жыл соңына дейін сегізінші ауыл болып Мұсабек елді мекені көгілдір отынға қол жеткізбек. Сонымен қатар, жуық арада аудан орталығындағы 2 және 5 қабатты 60 үйді газдандыруға жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

31 қазан 2026
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

31 қазан 2026
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.