Талдықорған: +25°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Кітап – мәңгілік мұра»

20.11.2025
КҮНДЕРЕК
«Кітап – мәңгілік мұра»

www.mgpu.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Кітап – адамзат баласының баға жетпес рухани қазынасы. Ол ақыл мен білімнің, өнер мен мәдениеттің мәңгілік қоймасы. Кітап оқыған адам дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, ой-өрісін дамытып, рухани байиды. Адамзат өркениетінің ең ұлы жетістіктерінің бірі – кітап болса, кітапхана – сарқылмас рухани байлықтың ордасы. Ал сол рухани байлық ордасындағы мамандық иелері кітапхана қызметкерлері мен әдіскерлері осы баға жетпес қазынаны жас ұрпаққа жеткізуші көпір іспетті. Ал әдістемелік жұмыс – кітапхана қызметінің даму бағытын айқындайтын, талаптарға бейімдейтін маңызды құрал.

Кітап оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның зияткерлік әлеуетін      арттыру мақсатында 2022 жылдан бері ұйымдастырылған Республикалық «KITAP TIME», «KITAP FEST» фестивалдеріне Жетісу облысы кітапханалары да атсалыса қатысуда.

Сонымен қатар, Жетісу өлкесінің төрінен орын алған Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы жылдық жоспарға сай ірі конференциялар, түрлі байқаулар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастыруда. Солардың бірі биылғы жылдың 5 маусымында Орақты Әлшағырұлының туғанына 605 жыл толуына орай «Ұрпағына ұран болған – Орақты батыр» атты облыстық конференциясы. Шара барысында батырдың өмірі мен ел қорғаудағы ерлігі туралы бейне ролик көрсетіліп, деректер мен аңыздар, батырлар династиясы жайлы баяндамалар оқылды. Қатысушылар жас ұрпақты бабалар ерлігі рухында тәрбиелеу жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар, Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай Кербұлақ аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Шоқан Уәлиханов – қазағымның шоқ жұлдызы» атты облыстық семинар өткізілді. Ғұлама ғалымның соңғы күндерін Күреңбел жерінде өткізгенімен, Көкше өңірінен шыққан, қабірі Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылында жатқаны белгілі. Ал,  23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы «Кітап – ғасырлар шежіресі» атты кітап фестивалі, «Кітап – мәңгілік мұра» атты кітап жәрмеңкесін ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат – әдеби оқылымдардың мәртебесін көтеру, қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру, Жетісу өңіріндегі қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау.

Жәрмеңкеге арнайы қатысқан Қазақстан Республикасы Президенті кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбай кітапхана жанындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімді жоғары бағалады.

Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітап баулу мақсатында орталық кітапхана ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларына арналған «ІІІ Республикалық Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеу кезеңі, Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Бауыржан Момышұлы — батыр тұлға» атты облыстық байқау, «Абай оқулары», «Кітап оқу көшбасшысы», «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында облыстық байқау, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің үйымдастыруымен «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында «Шексіз мүмкіндіктер әлемі» атты байқау, «Үздік оқырман» сынды облыстық байқауларын өткізді.

Кітапханада кәсіби біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында «Үздік библиограф», «Үздік әдіскер», «Үздік жас кітапханашы», «Үздік ардагер» «Үздік балаларға арналған жоба», сияқты байқаулар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Сонымен қатар, 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен республикалық «Kitap Time – 2025» IV жалпы кітап фестивалі аясында мерекелік руханият шарасы ұйымдастырылды.

Әдістемелік бөлім – кітапхананың жүрегі іспетті. Ол қызметтің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Әдістемелік бөлім арқылы кітапханашылар ақпараттық ресурстарды дұрыс ұйымдастырып, оқу, ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарға бағытталған көмек көрсетеді. Заманауи технологияларды енгізу арқылы әдістемелік бөлім оқырманға қызмет көрсету сапасын үнемі жетілдіріп, кітапхананың кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Қортыла келе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында:

«Кітапхана – мемлекеттің әрі ұлттың негізгі жадысы. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың басым бөлігі кітапханаларда сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қолжетімді болуы қажет. Жалпы, бұл саланы жетілдіру үшін басқа да ауқымды шараларды қолға алу керек» – деп атап көрсеткен болатын. Ендеше әдебиет пен мәдениетті, тарих пен тағылымды қатар егіз етіп, руханиятымыздың дамуына зор үлес қосып жүрген кітапхана саласы мен кітапхана қызметкерлерінің еңбегі ерен!

Баян Ақыпбекова
Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының әдіскері

Қатысты жаңалықтар

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026
Сарғайған  сурет сыры

Сарғайған сурет сыры

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.