Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көпбалалы ана қайтарымсыз грант алды

26 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Көпбалалы ана қайтарымсыз грант алды
WhatsAppTelegramFacebook

Көпбалалы ана Ахит Даурен «Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде мемлекеттен қайтарымсыз грант алды.

Балаларының несібесі үшін кәсіппен айналысуды жөн көрген Ахит қандай іспен шұғылданатыны жайлы ұзақ ойланды.  Торт пісіретін құрбысына барып кеңесті. Ол бизнеспен шұғылдану үшін табандылық керек екенін айтты.  Құрбысы басқа жаққа қоныс аударды да жалға алған орнын Ахитқа берді. Сонымен кәсіпкер келіншек  сұлулық салонын ашуды жөн санады. Себебі, бала кезден шаш күтімімен айналысқанды ұнататын. Соның қыр-сырын интернеттен қарап, үйренетін.  Шаруаны бастауға дайынмын деген кезде сұлулық салонын ашуға бел буды.  Көпшілікке адал қызмет көрсетіп, бастаған ісін жан-жақты меңгеруді мақсат етті.  

Адам ниеттенсе алмайтын асу жоқ. Сонымен әбден «пісіріп» барып ұсынған жобасы бірден қабылданды. Үкімет көпбалалы анаға 1 млн. 400 мың теңге қайтарымсыз грант берді. 

Ахит ашқан  салонның ерекшелігі – бастың терісін емдейді. Алдымен бас терісін аппарат арқылы зерттейді. Кінәрат қайда екенін бағамдайды. Тексергенде терінің кемшіліктері байқалады.  Терінің кеуіп, шаштың түсуінің өз себебі бар. Адам уайымдағанда, күйзеліске түскенде шаш түсіп, тері  зақымданады. Ахит осындай шаш терісін емдеп, арнайы күтім жасап,  өсіреді. 

Бұл шаштараздың тағы бір ерекшелігі – мүмкіндігі шектеулі адамдарға тегін қызмет көрсетеді. Ол грант қор­ғағанда денсаулығында ақауы бар адам­дардың шашын ақысыз алатынын айтқан.  Мүгедектігін растайтын анықтамасы бар адамдар бүгінде мұнда көптеп келеді.  Сондай-ақ кәсіпкер  бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Салонда тырнақ бояйтын Анар Садуақасова «Мансап»  орталығы арқылы тегін оқып келген. Оны басында тәжірибең жоқ деп ешкім жұмысқа алмапты. «Айару» салоны қабылдаған соң барын салып еңбек етіп, тәжірибесін шыңдаған. Анардың айтуынша, біраз уақытта тырнақ күтімін едәуір меңгеріп, келушілердің көңілінен шығуда. 

«Айару» салонының шеберлері  қас-кірпік күтімін жасап, ретке келтірумен де шұғылданады. Алдағы уақытта халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде заманауи құрылғылар алып, ісін кеңейтпек. 

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.