Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көшпелі оңалту қызметін көрсетеді

30 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Көшпелі оңалту қызметін көрсетеді
WhatsAppTelegramFacebook

Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарманың басшысы Ермек Мизамбаев сұхбат беріп,  мүгедектігі бар адамдарға жасалып жатқан жағдай туралы айтты. 

Спикердің сөзінше, облыста 25 мың мүгедектігі бар азамат тіркелген. Бүгінде облыс, аудан, қала әкімдеріне мүгедектігі бар азаматтар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілері тағайындалып, жұмыс атқаруда.  Өткен жылы техникалық оңалту құралдарымен мүгедектігі бар 16,8 мың адам қамтылған.  Оның ішінде  шипажай-курорттық емдеумен 3762, арнайы қозғалыс құралдарымен 758, протездік-ортопедиялық бұйымдармен 2333 адам қамтамасыз етілген.

Көптеген нысанда қоларбамен жүретін мүмкіндігі шектеулі адамдардың мекемеге кіріп-шығуына арнайы жол жасалмаған еді. Мұның да біразы қалыпқа келтірілді. Биыл 17 мың адам оңалту құралдарымен қамтылады. Жоспарға сәйкес 2027 жылға дейін өңірдегі 1120 нысанды бейімдеу жоспарланған. Облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдарға бірнеше  «Инватакси»  тоқтаусыз қызмет көрсетеді. Мүгедектігі бар балаларға Алакөл, Сарқан, Панфилов, Қаратал аудандары мен  Талдықорған қаласынан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін  5 жаңа орталық ашылды. Жалпы облыста  ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдарға көмек көрсету жақсы жолға қойылғаны баршаға мәлім. Мысалы, Ақши ауылында орналасқан резиденция ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Жансая» жазғы лагері ашылды. Биыл бұл жерде  160 ерекше бала жеке көмекшесімен тегін демалатын болады.  Болашақта Балқаш көлінің жағалауында да осындай лагерь салу жоспарлануда.

Ермек Арынханұлы Талдықорған қаласында «Асар» спорттық-оңалту кешенімен бірлесіп мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 445 мүгедектігі бар азамат оңалту шараларымен қамтылып жатқандығын айтты. 

«Асар» спорттық-оңалту орталығы биыл мүгедектігі бар адамдарға үй жағдайында көшпелі оңалту қызметтерін көрсету бойынша республика бойынша алғаш болып әлеуметтік маңызы бар жобаны іске қосқаны көпшілікті қуантты. Сұхбат барысында мұндай шаралардың жалғаса беретіні сөз болды.

                                                                     Гүлжан МҰҚАШҚЫЗЫ
Фото: dszn.ru

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.