Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

“Жеңіл ақша және бай-бақуатты өмір“: депутат блогерлерге қатысты жаңа ереже ұсынды

26 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
“Жеңіл ақша және бай-бақуатты өмір“: депутат блогерлерге қатысты жаңа ереже ұсынды
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда әлеуметтік желілерде бай-бақуатты өмір салтын көрсететін инфлюенсерлерге қатысты сұрақ әлі де көп. Бұл жайтты бүгін Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров көтерді, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz дерегіне сүйеніп.

Ол премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге депутаттық сауал жолдады. 

«Кейінгі кезде әлеуметтік желілерде онлайн лотерея ұйымдастырушылар, коуч-инфлюенсер тарапынан заңсыз әрекеттер жиілеп кетті. Олар билеттер мен түбіртектер арқылы туристік билеттер, техника, зергерлік бұйымдар, жылжымайтын мүлік және көлік сату деген желеумен заңсыз лотерея ойындарын өткізеді. Мұндай гивтер, күмәнді акциялар заңсыз деп саналады», — деді ол.

Депутаттың сөзінше, былтыр лотереяларды заңсыз ұйымдастыру және бағалы сыйлықтар ұтысы бойынша 106 дерек анықталған. Құқықбұзушыларға жалпы сомасы 46 миллион теңгеден аса айыппұл салынған.

«Кейбіреулері әлеуметтік желілерде үнемі бақуатты өмір салтын көрсетеді, қымбат виллалардың, суперкарлардың және басқа да суреттер жариялайды. Осылайша қоғамға еңбек етпей, оңай ақша табуға болады деген ой салады. Ал Қаржы министрлігінде осы азаматтардың тиісті салықты төлеуіне қатысты заңды сұрақтар бар. Салықты барлығы төлеуі керек. «Заң қатал, бірақ бұл — заң» принципі барлық азаматқа қатысты! АҚШ, Ұлыбритания және Қытайда контент авторлары өз қызметінен түскен табыстан салық төлеуге міндетті. Бұл елдердегі салық ставкалары  40%-ға жетуі мүмкін», — деді ол.

Сайыровтың айтуынша, демократиялық елдердегі салық мәдениеті — құқық пен заңның маңызды бөлігі. АҚШ-та, Еуропа елдерінде, Жапонияда, Қытайда ең ауыр құқықбұзушылықтардың бірі салық төлемеу деп саналады.

«Қазақстандық инфлюенсерлер — қоғамның ағартушы бөлігі, олар беделі мен талантының арқасында үлгі болуға тиіс. «Онлайн платформалар туралы» заңға сәйкес табыс табатын инфленсерлер кәсіпкер ретінде тіркелуге, өз парақшасындағы жарнамаларды белгілеуге міндетті», — деді ол.

Депутат бұл бағытта мынадай ұсыныстар жасады:

1. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселесі бойынша блогерлер арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;
2. Инфлюенсерлердің кірісін кәсіпкерлік қызметке жатқызудың нақты критерийлерін әзірлеу;
3. Заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін әлеуметтік желілерде ұтыс ойындары өткізілуіне бақылауды күшейту. 

Фото: depositphotos.com

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.