«Алматы-Өскемен» тас жолында халық тұтынатын тауарлар тиелген жүк көлігі өртеніп кетті. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кешкі уақытта болған. «Сағат 20:53-те төтенше жағдайлар департаментінің кезекші байланыс пультіне Байсерке ауылының маңында халық тұтынатын тауарлар тиелген «Mercedes-Benz» жүк көлігі өртенді деген хабарлама келіп түсті», — дейді департамент өкілдері. Өрт сағат 21:59-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды сөндіруге Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылды.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





