Талдықорған: +6°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ІЛЕ АУДАНЫНДА ӨЗЕННІҢ МҰЗЫ ОЙЫЛЫП, ЕКІ БҮЛДІРШІН СУҒА БАТЫП КЕТТІ

9 желтоқсан 2020
КҮНДЕРЕК
ІЛЕ АУДАНЫНДА ӨЗЕННІҢ МҰЗЫ ОЙЫЛЫП, ЕКІ БҮЛДІРШІН СУҒА БАТЫП КЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Іле ауданының Түймебаев ауылында қайғылы жағдай болды. Өзен бетіндегі мұздың ойылуы салдарынан алты және төрт жастағы екі бүлдіршін суға батып кетті. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Жұқа мұздағы жазатайым оқиға туралы ақпаратты Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады.

Түскі сағат 13.32-де Алматы облысы, Іле ауданы, Түймебаев ауылында үлкендердің қарауынсыз қалып, өздерінің абайсыздығынан Кіші Алматы өзенінде жұқа мұздың астына түсіп, 2014 және 2016 жылдары туған екі баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қайтыс болғандардың денелерін туыстары тауып, судан шығарып алған.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балаларды су маңында үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды. Бүгінгі таңда облыс аумағындағы мұздың қалыңдығы адам салмағы үшін жеткіліксіз, осыған байланысты азаматтар, әсіресе, балалар жұқа мұз үстіне шықпағаны жөн.

Мұз үстіндегі жүріс-тұрыс қағидалары мен қауіпсіздік шаралары төмендегідей:

— Жұқа және қатпаған мұзға шығуға болмайды.
— Мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды.
— Тәуліктің қараңғы уақытында, көруге мүмкіншілік нашар кезде (тұман, қар, жаңбыр) және мас күйде мұзға шығуға болмайды.
— Өзен арқылы өту кезінде жабдықталған мұз өткелдерін пайдалану керек.
— Су қоймасын топпен өту кезінде бір-бірінен арақашықтықты (5-6 м) сақтау қажет.
— Қатып қалған өзенді (көлді) шаңғымен өткен жөн, қажет болған жағдайда оларды тез шешу үшін шаңғылардың бекітпелерін ағыту керек. Шаңғы таяқшаларын қолдың білезік буынына ілмекті ілмей ұстап, қауіп төнген жағдайда оларды бірден тастау керек.
— Мұзда балық аулау кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта шұңқыр жасау қажет. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін, балықшының құтқару кеудешесі немесе төс кеудешесі, сондай-ақ, ұзындығы 15-20 метр, бір ұшында ілмегі бар және екіншісінде 400-500 г жүгі бар арқан болуы тиіс. Жүк арқанды суға құлап кеткен жолаушыға лақтыруға көмектеседі.
— Жұқа, шытынаған мұз бетінде қалсаңыз, абайлап кері бұрылып, сырғымалы қадамдармен жүріп өткен жолыңызбен жағаға қайта оралу керек.
— Мұздай суға түскен адам 10-15 минуттан кейін қатты тоңып, ал 20 минуттан кейін есін жоғалтатынын естен шығармаңыз.

Мұздың беріктігін былай да анықтауға болады: көк түсті мұз – берік, ақ түсті мұз – беріктігі 2 есе аз, күңгірт-ақ немесе сарғыш түсті мұз — сенімді емес деген сөз.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

3 қараша 2026
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

3 қараша 2026
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

3 қараша 2026
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.