Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әлеуметтік көмек мұқтаждарға ғана беріледі

12 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Әлеуметтік көмек мұқтаждарға ғана беріледі
WhatsAppTelegramFacebook

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Басқарма халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерімен айналысады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстағы 692,9 мың халықтың 311,6 мыңы экономикалық белсенділер қатарында. Оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 296,7 мың, жұмыссыздар 14,9 мың адамды құрайды. 

Ермек Арынханұлының айтуынша, халыққа қолдау көрсету өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында жүзеге асырылады. Былтыр облыс бойынша 33,5 мың азаматты жұмысқа тарту жоспарланса, бұл көрсеткіш 106,3%-ға орындалып, 35,6 мың адам жұмысқа тартылған. Оның ішінде 22,7 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Облыс әкімдігінің биылға арналған жұмыспен қамту картасына сәйкес 33,3 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Оның ішінде 19,6 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Спикердің сөзінше, облыста әлеуметтік осал топқа жататын 156,4 мың тұрғын бар.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында атаулы әлеуметтік көмекті нақты мұқтаж азаматтарға беру және әлеуметтік көмек көрсету тетігін жетілдіру жөніндегі шараларды қабылдау жайын тапсырған еді. Осыған байланысты атаулы әлеуметтік көмекті алу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оған үміткер отбасыларға тексеру жүргізу кезінде нақты мұқтаждарды анықтау үшін жергілікті комиссиялардың жұмысына жаңашылдық енгізді.

– Учаскелік комиссия мүшесі атаулы әлеуметтік көмекке үміткер азаматтың материалдық жағдайын анықтау кезінде «FSM Social» мобильді қосымшасы арқылы нақты географиялық орнын белгілейді. Бұл мәліметтер «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған жүйесінде бірден тіркеледі. Мұндағы мақсат – шешім қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және өтініш берушінің нақты географиялық орнын анықтау», – деді Ермек Арынханұлы.

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл. Аталмыш басқарма арқылы облыстағы 3 ардагерге 5 млн. теңгеден берілді. Соғыс ардагерлеріне теңестірілген адамдарға біржолғы материалдық көмек көрсету үшін 393,8 млн. теңге қарастырылғандығы да баспасөз мәслихатында айтылды.

Жалпы әлеуметтік жағдайға байланысты атқарылып жатқан шаралар көп. Аутизммен ауыратын бала санының өсуіне байланысты биыл 40 орынды орталық ашу жоспарлануда. Ерекше балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Алакөлдің жағасында 40 орынды жазғы сауықтыру лагері ашылды. Болашақта Балқаш көлінің жағалауына да осындай лагерь салу жоспарлануда.

Мүгедек жандарды қолдау, керек-жарақтарын алып беру де басқарманың назарында. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, күресу, қолдау білдіру үшін аудандардан орталықтар ашылып, өз жұмысын жүргізуде. Аталмыш шараларды ұйымдастыру мен қаржыландыру да осы басқарманың міндетінде. Брифингте басқарманың атқарып жатқан жұмыстары, алдағы міндеттері жан-жақты айтылды. Журналистер атаулы әлеуметтік көмектің берілу жайы, лагерьлердің жұмысы туралы сауал қойып, нақты жауап алды. 

Гүлжан ТҰРСЫН 
Фото: qamshy.kz

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.