Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ілияс Жансүгіровтің төте жазумен жазылған жинағы табылды

14 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
Ілияс Жансүгіровтің төте жазумен жазылған жинағы табылды
WhatsAppTelegramFacebook

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жансүгіров оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Алматы қаласының тұрғыны, кино режиссер Ербол Бораншаұлының жеке кітапханасынан Ілияс Жансүгіровтың төте жазумен жазылған «Өтірік» атты өлеңдер жинағы табылды.

1927 жылы Мәскеу баспасынан шыққан кітап Ілияс Жансүгіров атындағы облыстық әдеби мұражайға өткізілді. Бұл сүйінші хабарды мұражай меңгерушісі Нұргүл Жауынбаева Жетісу университетінде өткен «Жансүгіров оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, бұл – бұрын-соңды ешкімнің қолына түспеген түпнұсқа кітап.

Жансүгіров оқуларына еліміздің түкпір-түкпірінен келген Ілиястанушы ғалымдар мен студент жастар қатысты. Кездесуде Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жан-жақты талқыланды.

Жиында баяндама жасаған ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор, филологтарды даярлау жөніндегі доцент Шара Қияхметова бұрынғы зерттеу жұмыстарында табылған бірқатар дүдәмал деректерді атап өтті.

«Батыр Қалмырзаевтың «Ілияс Жансүгіров және «Қазақ» газеті» атты мақаласында Ілияс деп көрсеткен 1914-1916 жылдар аралығында «Қаптағай» атты бүркеншік атпен «Қазақ» газетінде жарияланған, қазақ халқының империалистік соғысқа және әскери салық төлеуге қатысы туралы мақала Біләл Сүлеевке тиесілі. Ақын өмірбаянына сәйкес ол өзінің алғашқы мақаласын 1921 жылғы 22 наурыздағы «Жас алаш» газетінде «Замандастарына Жолдау» деп атайды. Ол туралы: «1931 жылғы «Жаңа әдебиет» журналының 6-7 санында жарияланған өмірбаянында Ілияс өзінің қалам жұмысына 1920 жылдан бастап араласа бастағанын жазған», -деді Ш.Қияхметова.

Сондай-ақ, ол фотоархивтерде бейнеленген тұлғаларды сәйкестендіру арқылы өз дәлелін келтірді.

Пленарлық отырысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, ф.ғ.д. Сауле Ержанова, ф.ғ.д., «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының меңгерушісі профессор Мұратбек Имангазинов, ф.ғ.к., ҚазҰқызПУ профессорының м.а., Ләззат Әділбекова қатысып, Ілияс шығармаларының ғылыми-теориялық мәселелерін көтерді.

Кездесу соңында Ш. Қияхметованың «Ілиястану» оқулығының тұсауы кесілді.

Дереккөз: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қатысты жаңалықтар

105 жаста да сайлаудан қалған емес

105 жаста да сайлаудан қалған емес

Бүгін, 13:31
Мәслихат есімді аудан тұрғыны өз таңдауын жасады

Мәслихат есімді аудан тұрғыны өз таңдауын жасады

Бүгін, 13:19
Рұқсатсыз аң атпа

Рұқсатсыз аң атпа

Бүгін, 13:00
№447 сайлау учаскесінде «Әуенді Текелі» концерттік бағдарламасы өтті

№447 сайлау учаскесінде «Әуенді Текелі» концерттік бағдарламасы өтті

Бүгін, 12:45
Майдангер Ысқақ Құсайынов дауыс берді

Майдангер Ысқақ Құсайынов дауыс берді

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.