Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Өлмейтін өнеге

26 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Өлмейтін өнеге
WhatsAppTelegramFacebook

Ағaштaн бұйым жacауды жaңғыpтып, қaзaқтың өнepiн дaмытқан қoлөнep шeбepлepi бүгінде көп. Coлардың бiрi – жетісулық Алпысбай Ахметов. Алты қыздың әкесі өз ісінің майталманы. Жас ұрпаққа білгенімен бөлісіп, ұлттық өнерді ұлылығымыздың белгісі етуде.

Алпысбай Ахметовтың мамандығы – агроном. Өмір иірімі ұстаздық қызметке жетелепті. Сарқан ауданындағы Мұқан Төлебаев атындағы орта мектебінде еңбек пәнінен 30 жылға жуық сабақ беріпті. Отын ағаштан оқтық мүсін жасаған шебер. Ағаш жонуға он жасынан құмартқан. О баста әжесіне сүт құятын қасық, атасына тостаған жасап берген. Кейін келе-келе қолынан түрлі бұйым, сыйлық-кәделер шығыпты. Сан алуан, әрбірін қазақы оюмен айшықтай түскен. Әр бұйымының өзіндік мәні бар. Түптеп келгенде: еркіндік, махаббат, береке-бірлікті, елге-жерге сүйіспеншілікті насихаттайды. Мәселен, бір ағаштың діңгегінен бөлмей-жармай жонып шыққан астаулары ағайынның ауызбірлігін меңзейді.

– Бұл өнімсіз еңбек қой. Асықпай баппен жасамасаң, бүлдіріп қоясың. Шабыт келіп тұрғанда қолға алатын кез болады. Ол  кезде тіпті керемет шығады. Көбісі қолмен істелген бұйымдар. Әйтпесе станокпен тостағандарды қолма-қол 5-10 минутта ойып тастай салуға болады. Бізде ондай станок болған жоқ, – дейді шебер. 

Қолөнер иесі ағашты үйеңкі, қарағай, еменнен таңдап, сүргілеп алады. Кедір-бұдырын жөндеп, ұңғымен  қажетті формаға келтіреді. Қолға алған ісінің соңына жеткенше тынбайды. Тоқетері, ағаштан түйін түю оңай емес. Табандылықты қажет етеді. 70-тің төріне шыққан қарт саналы ғұмырында 100-ден аса бұйым жасапты. Дені өңір мектептеріне тарап кеткен. Ал, өзі қолөнер саласынан білім ала алмағанына өкінеді екен. Өрем, өрісім кең болар еді дейді. Ұрпағынан ісін өз деңгейінде жалғастырар тұяқ шығарынан үмітті.

– Әкем білім саласында қызмет еткен. Мен де білім саласында қызмет етемін. Кішкентай күнімнен бастап, әкем осы дүниелерді жасайтын, қызығып қарап отыратынбыз. Әрдайым әкемізге қолдау көрсетіп, қасында жүретінбіз. Кішкентайларымыз өсіп келе жатыр. Келешекте осы еңбекке қызығып, әкемнің жолын қуады деген ойдамын, – дейді қызы Мақпал Алпысбайқызы

«Шебердің қолы көпке ортақ» дегендей Алпысбай Ахметов қолынан шыққан бұйымдарымен көп алғысын алып жүр. Бастысы – бар білгеніне баулып жүрген шәкірттері бар. Қол-өнер – өлмейтін өнеге. 

Шебер халқымыздың ұлт болып ұйысуына, мәдениеті мен өнерінің жандануына өлшеусіз үлес қосып жүрген, нағыз рухани байлық иесі. Ағашты сөйлетіп, тұтас бір ұлттың болмысын, табиғатын, танымын өз қолымен өрнектей білген бірегей тұлға. Оның өмірі мен еңбегі – жастар үшін үлкен тағылым.

Қорытындылай келе, Алпысбай Ахметов – ұлттық өнердің ұмытылмас үлгісін жасап, қазақтың рухани мұрасын жаңғыртқан дарын иесі. Өнерге деген адалдығы, шәкірт тәрбиелеудегі ұстанымы, ұрпағына қалдырған өнегесі – ел болашағы үшін баға жетпес мұра. Осындай ақсақалдарымыздың арқасында қазақтың қолөнері өлмей, өркендеп, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рух сіңе бермек.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.