Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұлттық идеологияның бастауы – ұлт әдебиеті

24.04.2025
КҮНДЕРЕК
Ұлттық идеологияның бастауы – ұлт әдебиеті

Жетісу облысына арнайы жұмыссапарымен келген  ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік ОТАРБАЕВ әуелі облыстық полиция департаментіне  бас сұғып, жеке құраммен кездесті.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, құқық қорғау органдарының, төтенше жағдайлар және әскери құрылымдардың өкілдері қатысты. Жиын барысында Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында қойған талаптарын жеткізіп, «Заң мен тәртіп» қағидасы төңірегінде әңгіме өрбітті. Кездесуде кеңес төрағасы, полиция ардагері Ерлан Сансызбаев сөз сөйлеп, ұйымның қазіргі таңда атқарып жатқан қызметі жайлы баяндады. Шара шеңберінде ведомствоның қызметін жетілдіру, жас мамандардың кәсіби және адамгершілік тұрғыда дамуына қолдау көрсету жөнінде сөз қозғалды. Сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында құрылған Тәлімгерлер кеңесінің жұмысы таныстырылды.

Бұдан кейін Президент кеңесшісі  Жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, полиция департаментінің музейін аралады. 

Сапар барысында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев дін істері басқармасының жұмысымен танысып, оң бағасын берді. Облыста діни ахуал тұрақты. Ел ішінде алауыздық жоқ. Оған себеп – Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының қызметкерлері қарымды қарекет етуде. Орталықтың киберқауіпсіздік және қарсы насихат бөлімінің басшысы Әлібек Төлеубектің айтуынша, былтыр өңірде деструктивті ағымдардың ақпаратын таратушы топтардың насихатына сусындаушылар саны 70 мыңнан әріге жығылса, биыл бұл сан 49 мыңға қысқарған. Мұндай көрсеткішке ауқымды жұмыстың нәтижесінде жетіп отыр. Өңір тұрғындарына дұрыс ақпарат тарату арқасында оңтайлы жетістік пайда болды. Қазір орталықтың әр бөлімі әлеуметтік желідегі адастырушы ақпараттарға қалқан болуда. Бір ғана Jetisu live студиясы ақпарат майданының жойқын қаруына айналған. Бұл студияда түсірілген хабарлар тек желіге ғана жүктелмейді, жергілікті арнадан да көрсетіледі. 

Дін өкілдерімен кездесуде ҚР Президентінің кеңесшісі әуелі дін өкілдерінің пікіріне құлақ түрді. Жетісу облысы бас имамының міндетін атқарушы Нұрлан Жұманұлы діни алауыздықты тудырмау, халықты дұрыс ақпаратпен сусындату төңірегінде сөз қозғады.

– Жетісу өңірінде 210 мешіт, 275 діни қызметкер бар. Облыстағы мешіттер тарапынан былтырғы су тасқыны кезінде 50 тоннадан астам қайырымдылық көмек жіберілді. Қазір жастар дінге қатты ден қойған. Ұлттық идеология әлсірегендей. Содан жастарымыз мешіттен медет іздейді, – деді Нұрлан  Жұманұлы.

Артынша сөз тізгіндеген Мәлік Отарбаев мемлекет пен діннің арақатынасын айшықтап берді. Айтуынша, ұлттық идеология әлсіремепті, қайта уақыт талабына сай қам-қарекеттің нәтижесінде ілгерілеп келеді екен.

–  Әуелі Ұлттық құрылтай не үшін өтіп жатыр? Жыл сайын ұлт зиялылары мен қоғам белсенділерін неліктен осы жиынға қатыстырамыз? Осы сұраққа жауаптың өзі ұлттық идеологияны жандандырудың қарекеті. Ұлттық құрылтай арқылы ұлттық мәдениетті, руханиятты дамытамыз. Қазақстан жерінің асты мен үсті байлыққа толы. Бұл байлықты көксегендер тәу­ел­сіздігімізге нұқсан келтіруді көздейді.Олар діни бағыттарды да өз мақсатына тиімді пайдаланады. Мемлекет басшысы «Дін – бірлік пен ынтымаққа жұмыс істеуі керек», – деді. Сондықтан елімізде діни тұрақтылықты қалыптастыру аса қажет, – деді Мәлік Нұржанұлы. 

Мұнан кейін ҚР Президентінің кеңесшісі І. Жансүгіров атындағы ЖУ студенттерімен, артынша   Талдықорған политехникалық колледжінде білім саласының өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар, колледж қабырғасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған көрмеге қатысты.

Түстен кейін Мәлік Отарбаев І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Жетісу облысының мәдениет, спорт және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті. Жиынды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов жүргізді. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларын жүзеге асыру, облыста әлеуметтік тұрақтылықты ­қамтамасыз ету, этносаралық келісімді нығайту, құқық қорғау саласын дамыту бағытында бірқатар маңызды жұмыстар қолға алынғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, құқықтық тәртіпті нығайту, жастарды тәрбиелеу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық институттардың беделін арттыру турасындағы жұмыстарға да тоқталды. Артынша сөз тізгінін тартқан Мәлік Отарбаев жуырда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөз болған саяси жаңғыру міндеттерімен таныстырып, халықтың мәдени-ағарту, денешынықтыру және спортпен шұғылдану мәселелері Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін жеткізді. ҚР Президентінің кеңесшісінен кейін сөз алған Ұлттық құрылтайдың мүшесі Дания Қыдырбаева, театр актері Сағындық Жұмаділ, дирижер әрі композитор Әли Алпысбаев, Олимпиада чемпионы балуан Мәулен Мамыров жетісулықтар жүзеге асып жатқан барлық реформаны қолдайтынын жеткізді.

Мұнан кейін ҚР Президентінің кеңесшісі Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Кітап – мәңгілік мұра» атты кітап жәрмеңкесіне қатысты. Шарада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері  ақын-жазушылармен жүздесіп, әдебиет төңірегінде әңгіме өрбітті.

«Jetіsýdyń» арнаулы тілшілері
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.