Талдықорған: +14°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұлттық ұланның 1200-ден астам сарбазы тасқын аймағында көмектесіп жүр

16 сәуір 2024
КҮНДЕРЕК
Ұлттық ұланның 1200-ден астам сарбазы тасқын аймағында көмектесіп жүр
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлттық ұланның 1200-ден астам әскери қызметшісі қосымша күш ретінде су тасқыны болып жатқан Қазақстанның батысы мен солтүстігінде белсенді көмек көрсетіп жатыр.

Бүгінде табиғи апаттың салдарынан еліміздің көптеген аймағы су астында қалды және жергілікті халыққа қауіп төніп тұр.

Қазіргі сәтте қауіпті аймақтардан адамдарды уақытылы эвакуациялау және су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсету басты міндет болып қала береді.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында су басу қаупі өте жоғары. Алайда, үлкен апаттың алдын алу үшін ұландықтар барын салып жатыр.

Олар су басқан аудандардың тұрғындарын эвакуациялаумен белсенді шұғылданып, тұрғын алаптарда құм салынған қаптардан бөгет тұрғызып жатыр.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінен тұрғындарды эвакуациялау барысында Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Мәулен Марленов су ортасында қалған адамдарды дер кезінде құтқарды.

Ол су тасқынының ортасында тұрып қалған жүк көлігінен 30 адамды шығарып, қауіпсіз аймаққа эвакуациялады.

Жалпы, Ұлттық ұлан жауынгерлері Қазақстандағы су тасқынына қарсы іс — шаралардың алғашқы күндерінен бастап көмекке жұмылдырылды.

Жалпы алғанда 3 мыңнан астам офицер мен сержанттар, курсанттар мен сарбаздар халық арасынан табылды. 

Пресс-служба Национальной гвардии РКБұдан бөлек, ұландықтар табиғи апат аймақтарынан азаматтарды эвакуациялауға белсенді қатысып жатыр.

Білгіленген нүктелерге гуманитарлық көмек жеткізеді, тонауға жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлерімен бірлесіп құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді, су тасқынымен қамтылған көшелерді патрульдейді, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізеді, су арнасын бұруды және каналдарды тазартуды жүзеге асырады.

Орал қаласындағы Ұлттық ұланның жергілікті полкіне 300 адамнан тұратын Шымкент жедел бригадасының жеке құрамы және Қызылордадан 200 сарбаз көмекке келді.

Келген құқықтық тәртіп сақшылары жағалауды нығайту жұмыстарына білек сыбана кірісті. 

Юннатов, Зачаганск, Старички аудандарында, сондай-ақ Круглозерный кентінде құм толтырылған қапшықтарды дайындауға және жағалауға төсеуге көмектеседі.

Сондай-ақ қала ішінде патрульдік-бекеттік қызмет атқарады.

Атырау облысында да су тасқыны жағдайы күрделі болып тұр.

5546 әскери бөлімінің 120-дан астам сарбазы полиция қызметкерлерімен бірлесіп Құлсары қаласының көшелерінде иесіз үйлердегі дүние-мүлікті тонауға жол бермеу бойынша қызмет атқарып жүр, сондай-ақ жеке құрамның бір бөлігі гуманитарлық жүкті түсіруге және жағалауды нығайту жұмыстарына тартылды.

Оларға Қарағанды қаласында орналасқан 5451 әскери бөлімінен 500 жауынгер көмекке келді.

Ақтөбе мен Қостанайда су тасқынына қарсы іс — шаралар мен қоғамдық тәртіпті қорғау үшін жеке құрамды тарту жалғасуда.

Жергілікті 6655 және 6697 әскери бөлімдерІ осы мақсаттар үшін 400-ден астам әскери қызметші бөлді. 

Қазақстанның солтүстік өңіріндегі жағдай да — ең өзекті мәселенің бірі.

Петропавлға құқықтық тәртіп әскері академиясының 400 курсантына және жергілікті Ұлттық ұлан полкінің 200 сарбазына көмекке астаналық сарбаздар келді. 

Олар тонауға жол бермеу үшін Солтүстік Қазақстан облысының су басқан елді мекендерінің көшелерінде қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісті.

Су тасқыны басталғаннан бері Ұлттық ұланның 3000-нан астам жауынгері, 125 әуе және автомобиль техникасы іске араласты.

1644 адам эвакуацияланды, инертті материалдары бар 462 мың қапшық дайындалып, тиісті жерлерге төселді және 110 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Фото: Ұлттық ұлан

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.