Талдықорған: +6°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Майлы тамақты көп жеу, өт қабына тас байлану». Панкреонекроз ауруы жайлы не білу керек?

17 қазан 2023
КҮНДЕРЕК
"Майлы тамақты көп жеу, өт қабына тас байлану". Панкреонекроз ауруы жайлы не білу керек?
WhatsAppTelegramFacebook

Панкреонекроз – ұйқы безі тіндерінде болатын деструктивті патологиялық процесс. Панкреонекроз — құрсақ қуысы органдарының барлық хирургиялық патологияларының арасындағы ең ауыр аурудың бірі. Бұл ауру кезінде ұйқы безі өз-өзін қорытып, оның бөліктері өле (некроз) бастайды, ал ауыр жағдайда барлық без бен оның айналасындағы органдар, тіндер де өледі. Соның салдарынан барлық ағза жұмысы бұзылады. Бұл қауіпті аурудың алғашқы белгілері қандай және оның алдын алу үшін не істеу керек?

Панкреонекроздың пайда болу себептері:

  • Созылмалы панкреатит (ұйқы безінің қабынуы);
  • Ішімдікке салыну;
  • Өт қабына тас байлану ауруы;
  • Ауыр жұқпалар;
  • Қуырылған және өте майлы тамақты жиі жеу;
  • Асқазанның және аш ішектің жаралы ауруы;
  • Зақым алу және құрсақ қуысына ота жасату.

Панкреонекрозды мынадай түрлерге бөледі:

Майлы панкреонекроз. Ол ұйқы безінің майлы капсуласының бұзылуын ынталандыратын липазаның жоғары белсенділігімен сипатталады;

Геморрагиялық панкреонекроз. Бұл жағдайда орган тінінің ісінуіне, қан тамырлардың кеңеюіне және олардың қабырғаларының бұзылуына әкелетін микроайналымдық бұзылыс басым.

Аралас панкреонекроз.

Панкреонекроздың алғашқы белгілері

Панкреонекроз әдетте 3 кезеңнен өтеді.

1. Патологиялық процесс жедел басталады. Ұйқы безінде бактериялар жылдам көбейеді, ұйқы безі ферменттері белсенді күшейеді. Науқасты мынадай белгілер мазалайды:

Ішінің ауыруы (белін бірдеңемен орап, қысып жатқандай ауыруы мүмкін);

  • Құсу;
  • Қалтырау;
  • Іш өту.

2. Ұйқы безі тіндерінде тесіктер пайда болады. Науқаста мынадай белгілер байқалуы мүмкін:

  • Қан мен өт аралас  құсу;
  • Іштің кебуі;
  • Үлкен дәретке бармау;
  • Ағзаның сусыздануының белгілері;
  • Сана шатасуы;
  • Қысымның төмендеп кетуі;
  • Тахикардия.

3. Қабыну айналасындағы тіндерге тарайды, көп ағзалық жетіспеушілік дамиды және науқас қайтыс болады.

Панкреонекрозды қалай емдейді?

Панкреонекрозы бар науқастарды бірден хирургиялық бөлімге жатқызады. Панкреонекроздың барлық дерлік жағдайында ұйқы безі сөлінің құйылуын қалыпқа келтіру үшін және шіріген бөліктерді алып тастау үшін жедел хирургиялық араласу қажет болады.

Мүмкін асқынулар

Панкреонекроз есеңгіруге, асқазан-ішектен қан кетуге, ферменттер жетіспеушілігіне, іріңдік жараға, қабынуға, қақпалық көктамырлар тромбозына әкелуі мүмкін.

Панкреонекроздың алдын алу үшін не істеу керек?

Ең алдымен алкогольден бас тарту керек. Сондай-ақ майлы және қуырылған тағамдар, тәтті газдалған сусындардан бас тартыңыз. Артық тамақтанбаңыз. Жедел панкреатит және басқа да қауіпті аурулардың алдын алудың ең жақсы жолы — салауатты өмір салтын сақтану.

Егер сізді қандай да бір белгілер мазалап жүрсе, терапевт маманға барыңыз. Ал панкреонекроздың бастапқы кезеңінде гастроэнтерологтың, ал соңғы кезеңдерінде хирургтің көмегі қажет болады.

Дереккөз: massaget.kz
Фото: ru.freepik.com

 

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

Бүгін, 17:28
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

Бүгін, 16:39
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Бүгін, 15:21
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

Бүгін, 13:15
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.