Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мамандардың жалақысы өспек

15 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Мамандардың жалақысы өспек

freepik.com

WhatsAppTelegramFacebook

Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласында еңбек ететін мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша бірқатар іс-шара әзірледі.

Аталған министрлік «Табиғи монополиялар туралы» Заңға өзгерістер енгізуді ұсынды. Бұл өзгерістер су саласы қызметкерлерінің еңбекақысын электр және жылу саласында жұмыс істейтін мамандардың жалақысымен теңестіруге бағытталған. Қазіргі уақытта заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілді. Түзетулер қабылданған жағдайда, ол биылдың екінші жартысында су саласы қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға дейін өсіруге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, бұл салада кадр тапшылығын азайтып, білікті мамандарды тартуға көмектеседі.

Мемлекет Басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында аталған министрлік салалық жоспар әзірледі. Онда жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіби стандарттарды дайындау және мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары қамтылған. Мұндай іс-шараларды жыл сайын өткізу көзделіп отыр. Қытай, Франция, Израйль, Нидерланд және АҚШ сияқты елдермен қазақстандық кадрларды қайта даярлау бойынша келісімдер жасалды. Қазірдің өзінде біраз маман шетелде оқып келген. Бұл ретте барлық шығынды қабылдаушы тараптар өтеген.

Сондай-ақ, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Отбасы банк» су шаруашылығы саласы мамандарына жеңілдетілген шарттармен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін ипотекалық бағдарламаны іске қосты. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына «Гидротехник-инженер», «Су ресурстары және су пайдалану», «Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау» мамандықтары қосылды. Ауылға қоныс аударған су мамандарына берілетін бюджеттік несие көлемі 7,8 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды.

Сонымен бірге «ҚР Мемлекеттік наградалар туралы» Заңына толықтырулар енгізілді. Су шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандарға «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы беріледі. ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, елдегі су шаруашылығы саласында 10 мыңға жуық адам еңбек етеді. Оларға қолайлы еңбек жағдайын жасап, лайықты жалақымен қамтамасыз ету маңызды саналады. Су шаруашылығы саласы мамандарын әлеуметтік қолдау, сондай-ақ оларды қайта даярлау инфрақұрылымды дамыту мен нормативтік- құқықтық базаны жетілдіруден кем емес. Былтыр 7 мыңнан аса адамның жалақысы орта есеппен 25%-ға өскен. Су шаруашылығы мамандығының беделін арттыру үшін министрлік бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра бермек.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.