Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Маңызды кезең

10 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

baq.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасында жаңа Конституция жобасының жариялануы – ел дамуының маңызды кезеңі. Бұл құжат қоғамдық талқылаудан өтуде.

Талқылау барысында азаматтардан 2 мыңнан аса ұсыныс келіп түсті. Олардың бәрі арнайы құрылған Конституциялық комиссияның қарауына енгізілді. Комиссия құрамына 130 адам кіріп, олар Қазақстанның барлық аймағы мен әлеуметтік топтарын қамтыды. Жұмыс нәтижесінде қолданыстағы Конституцияның 77 бабы, яғни мәтіннің 84 пайызы қайта қаралды. Осыған байланысты Преамбуласы, 11 бөлімі және 95 бабы бар жаңа Конституция жобасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Жаңа Конституцияның басты бағыты – адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде бекіту. Халықтың мемлекеттік биліктің жалғыз көзі және егемендіктің иесі екені нақты айқындалды. Сонымен бірге құжатта Қазақстанның болашағы білім, ғылым, мәдениет және инновациямен тығыз байланысты екені көрсетілген. Азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді.

Жаңа Конституция жобасы – әділетті, ашық және адамға бағдарланған Мемлекет құруға бағытталған маңызды қадам. Ал түпкілікті шешімді Қазақстан азаматтары жалпыхалықтық референдумда қабылдайды. Ғылыми және шығармашылық қызметті Конституциялық деңгейде қорғау туралы бастама – Қазақстан үшін аса өзекті әрі болашаққа бағытталған шешім. Бұл ұсыныс уақыт талабынан туындап отыр және елдің ұзақмерзімді даму басымдықтарымен толық үндеседі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов көтерген мәселе Конституцияда бекітілген негізгі қағидаларды нақтылап, оларды өмірде іске асыру тетіктерін күшейтуге бағытталған. Интеллектуалдық меншік, авторлық құқық, патенттер мен ғылыми жетістіктердің Мемлекет тарапынан қорғалуы ғалымдар мен шығармашылық сала өкілдері үшін үлкен қолдау. Мұндай кепілдіктер олардың еңбегінің бағаланатынын, идеялары мен жаңалықтарының қорғалғанын көрсетеді. Бұл өз кезегінде тек құқықтық сенімділікті арттырып қана қоймай, мемлекеттің адам капиталын дамытуға шын мәнінде мүдделі екенін айқындайды. Маған ерекше маңызды көрінгені бұл бастамада мемлекеттің рөлі тек бақылаушы немесе реттеуші ретінде емес, ғылым мен шығармашылықтың дамуына жағдай жасайтын серіктес ретінде қарастырылуы. Осындай көзқарас инновацияға, жаңа идеяларға және мәдени өрлеуге жол ашады. Егер бұл қағидалар Конституцияда бекітілетін болса, ол Қазақстанның өз болашағын білімге, талантқа және шығармашылық әлеуетке сүйене отырып құрып жатқанын көрсететін маңызды әрі айқын қадам болар еді.

Римма САЛЫҚОВА,
облыстық кәсіпкерлер палатасы
өңірлік кеңесінің төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Бүгін, 13:30
Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Бүгін, 13:06
Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Бүгін, 12:30
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Қуатты қала – қуатты мемлекет

Бүгін, 12:05
Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.