Білім мен ізденіс өмірімнің маңызды бағыты. Осы жолда табандылық пен еңбектің үлкен рөл атқаратынын жақсы түсінемін. Сондықтан кездескен әр қиындыққа мойымау керек.
Мектеп қабырғасында жүріп түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, өз білімімді сынауға мүмкіндік алдым. Аудандық «Бейсен Құранбек» оқуынан II орын иеленуім сөз өнеріне деген қызығушылығымды арттырды. Ал аудандық «Ақберен байқауындағы II орын шығармашылыққа деген ынтамды одан әрі шыңдай түсті.
Ағылшын тілі пәніне ерекше қызығамын. Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде I орын алып, облыстық кезеңінде III орынға ие болдым. Бұл жетістік мені жаңа белестерге ұмтылуға жігерлендірді. Сонымен қатар, 9-11-сынып оқушыларына арналған философия олимпиадасының аудандық кезеңінен II орын алуым ойлау көкжиегімді кеңейтіп, түрлі мәселеге тереңірек көзқараспен қарауға үйретті.
Мен үшін марапат пен диплом маңызды құндылық саналмайды. Әр байқау мен олимпиада жаңа тәжірибе, жаңа білім және өз мүмкіндігімді тануға жол ашады. Алдағы уақытта да білімімді жетілдіріп, елімнің дамуына үлес қосатын саналы азамат болуға талпынамын. Менің басты мақсатым – алған білімімді игілікке жаратып, биік белестерді бағындыру.
Ботагөз АМАНГЕЛДІ,
10-сынып оқушысы





