Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Мектеп күзетшісі мен еден жуушылардың айлығы 100 пайызға көбейді» – Оқу-ағарту министрлігі

24 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
«Мектеп күзетшісі мен еден жуушылардың айлығы 100 пайызға көбейді» – Оқу-ағарту министрлігі
WhatsAppTelegramFacebook

Мұғалімдерге ұстаз мәртебесі беріліп, арнайы мереке күні де белгіленгені белгілі. Алайда осы мерекеде мектепте істейтін күзетші, от жағушы, медбике, еден жуушылар бұл санатқа кірмейді деп хабарласқан оқырман көп болды. Олардың қай санатқа жататынын және мұғалімдермен қатар жалақысы өсетіні, үстемеақы қосылатынын білу үшін Оқу-ағарту министрлігіне хат жолданда.

Аikyn.kz сайтының жіберілген сұрағына Оқу-ағарту министрлігі ресми жауап берген болатын. Олардың мәліметінше, білім беру ұйымдарының техникалық персонал қызметкерлері (күзетші, от жағушы, медбике, еден жуушылар және басқалар) Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес әкімшілік және қосалқы персонал жұмысшыларына жатқызылады.

– «Яғни, әкімшілік және қосалқы персонал жұмысшылары қызметтің барлық салалары үшін ортақ. Олардың жалақысы барлық салалар бойынша бір мезгілде көтеріледі. Осыған байланысты, техникалық (әкімшілік, қосалқы) персонал қызметкерлеріне еңбекақыны арттыру, қосымша ақылар мен үстемеақыларды белгілеу мәселесін еңбек саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарастырады», – делінген хабарламада.

Тіпті Оқу-ағарту министрлігі осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында білім беру ұйымдарының техникалық персонал қызметкерлерінің жалақысы 2022 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде екі есеге арттырылғанын хабарлады.

«2022 ж. – 23%, 2023 ж. – 45%; 2024 ж. – 71% және 2025 ж. – 100%. Осыған орай, білім беру ұйымдарының техникалық персонал қызметкерлерінің жалақысы 2025 жылы 100%-ға ұлғайды. Сонымен қатар, қолданыстағы Азаматтық қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесіне (бұдан әрі — Еңбекақы төлеу жүйесі) сәйкес әкімшілік, қосалқы персоналдың барлық қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін үстемеақылар мен қосымша ақылар көзделген.

– Мысалы, мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақыдан 10% мөлшерінде үстемеақы белгіленеді. Оған қоса сыныптық біліктілігі бар білім беру ұйымының жүргізушілеріне базалық лауазымдық айлықтан (бұдан әрі — БЛА) 20%-35% мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді. Дезинфекциялау құралдарын пайдаланатын өндірістік және қызметтік үй-жайларды тазалаушыларға БЛА-дан 20%-30% мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді», – делінген министрлік жауабында.  

Сонымен министрлік елімізде шалғай ауыл-аймақтардағы мектептерінде еден жуушы, от жағушы мамандардың айлығына қосымша ақы есептелетінін көрсетті. Егер есебі дұрыс есептелген жұмысшы мамандар болса, мекемеден талап етуіне болады. Жалпы өңірлердегі білім басқармаларының құрылтайшысы – жергілікті атқарушы билік, сәйкесінше қаржыландыруды солар жүзеге асырады.

Егер осы қызметкерлер мереке немесе демалыс күндері жұмысқа шықса, оларға жалақысына қосымша ақы белгіленуі тиіс. «Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне мереке немесе демалыс күндерінің әр сағаты үшін сағаттық мөлшерлемеден 50% мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді» деп көрсетілген министрліктің жауабында.

Алайда еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес мемлекеттік басқару органдарына тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлығын жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыны белгілеу құқығы берілген екен.

«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлығына ынталандыру үстемеақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын тиісті жергілікті атқарушы орган айқындайды. Сондай-ақ, Еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес ұйымдардың басшыларына кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе кредиторлық берешегі болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалған тәртіппен ұйымдардың қызметкерлердің лауазымдық айлығына ынталандыру үстемеақыны белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берілген», – деп жауап берді Оқу-ағарту министрлігі.

Айта кетерлігі, бұған дейін «AMANAT» партиясы фракциясының депутаты Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс отырысында осы мәселені көтеріп, депутаттық сауал жолдаған. Депутат еден жуушы, ағаш шебері, сантехник, аула тазалаушы, электриктер секілді қарапайым еңбек адамдарының еңбекақысын арттырудағы бірыңғай жүйесін қалыптастыру және еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуді қарастыру керегін сұрады. 

Дереккөз: turkystan.kz
Фото: otyrar.kz

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.