Талдықорған: +8°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ОБЫР ДЕРТІНЕН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

17 наурыз 2021
КҮНДЕРЕК
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ОБЫР ДЕРТІНЕН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі таңда көптеген ауру түрлерімен адамзаттың күресіп келе жатқандығы белгілі. Соның бірі – обыр дерті. Жас ұрпақтың бұл ауру туралы түсінігін қалыптастыру мақсатында 10-сыныптарда «Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы» тақырыбында онлайн түрде ашық сабақ өткіздім.

Сабақтың басында оқушылардан «Тізбекті сұрақ» әдісі бойынша үй тапсырмасы сұралып, «Ми шабуылы» арқылы кең таралған аурулардың қандай түрлерін білетіндіктері пысықталды. Бұдан соң физика, химиямен пәнаралық байланыстағы жаңа тақырыпқа кіріспе жасалып, «Ісік дегеніміз не?» деген сауалға жауаптар арнайы дайындалған слайдтар арқылы көрсетілді.

Жаңа сабақта кездесетін биологиялық термин сөздерге де назар аударылды. Обырдың даму себептері  анықталып, «ісік» сөзіне анықтама берілді. Оның әр түрлі жастағы адамдар үшін қауіптілігі түсіндірілді. Обырды қалай емдеуге болатындығы да айтылды.

Обырдың түрлі себептері туралы ақпараттар сілтемесі берілді.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, қатерлі ісікке шалдығатындардың әрбір үшіншісіне дұрыс тамақтанбау, әрі салауатты өмір салтын ұстанбау себеп болуда. Обыр жасушаларының тез таралып, қарқынды дамуына алып келетін ең басты факторлардың бірі – темекі өнімдерін пайдалану. Соның кесірінен науқастардың 22 пайызы қайтыс болады. Артық салмақ та қатерлі ісіктің асқынуына әсер етіп, оның пайда болу қатерін екі есе арттыратынын ағылшын ғалымдары дәлелдеп отыр. 200-ден астам сараптамалық жұмыс пен зерттеу нәтижелері ағзадағы артық майлар қатерлі ісіктің 11 түріне алып келетінін көрсеткен.

Оқушылар қажетті ақпараттарға қаныққан соң «Дүниежүзілік обырмен күрес күні» туралы пікірталас ұйымдастырылып, сабақ соңында «Білім ағашы» негізінде кері байланыс орнатылды. Ол арқылы балалардың  салауатты өмір салтын сақтаудың маңыздылығы туралы түсінігі қалыптасып, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі тануға, сыни ойлауын дамытуға жол ашылды.

Алмагүл НҮСІПОВА,

№17 орта мектептің биология пәні мұғалімі

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Бүгін, 18:00
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Бүгін, 17:37
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

Бүгін, 17:30
Ел егемендігі – эссеге арқау

Ел егемендігі – эссеге арқау

Бүгін, 17:07
«Ең соңғы оқырман қалғанша…»

«Ең соңғы оқырман қалғанша…»

Бүгін, 16:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.