Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдаудың жаңа қағидалары бекітілді. Жаңа ережелер мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттырып, ата-аналардың жұмысын жеңілдетуді көздейді.
«Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін орта білім беру ұйымдары көрсетеді. Балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау үшін құжаттар 1–31 тамыз аралығында қабылданады. Өтінішті электронды түрде «цифрлық үкімет» порталы арқылы немесе тікелей білім беру ұйымына барып тапсыруға мүмкіндік бар.
Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттар топтамасы қажет:
- ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
- баланың иммундау паспорты;
- денсаулық паспорты;
- сапалы цифрлық фотосурет.
Құжаттар мектепке тікелей өткізілген жағдайда, баланың туу туралы куәлігі мен ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат қосымша талап етіледі. Барлық қажетті қағаздар толық ұсынылған кезде, баланың оқуға қабылданғаны туралы хабарлама 1 қыркүйектен бастап бір жұмыс күні ішінде беріледі. Мектеп қабылдау туралы ресми бұйрықты 25 тамыздан ерте шығармайды. Аталған бұйрық 2026 жылғы 3 қазанда күшіне енеді.
«Жетісу-Ақпарат»





