024–2025 оқу жылы 25 мамыр – жексенбіге сәйкес келуіне байланысты, еліміздің барлық мектептерінде соңғы сабақ күні 23 мамырға белгіленді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Министрлік деректеріне сүйенсек, биыл 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 217 мыңнан аса 11-сынып оқушысы мектеппен қоштасады.
Салтанатты соңғы қоңырау шарасы мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамыр күндерінің бірінде ұйымдастырылады. Дегенмен министрлік барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін ескертіп отыр.
«Мектеп аумағынан тыс сән-салтанатты іс-шаралар өткізуге, ақша жинауға, автокөлікпен шеру ұйымдастыруға және басқа да дабыралы мерекелеу түрлеріне қатаң тыйым салынады», – делінген ресми хабарламада.
Мемлекеттік емтихандар кестесі бекітілді
Мектеп бітірушілер үшін оқу жылы аяқталғаннан кейін мемлекеттік қорытынды аттестаттау кезеңі басталады. Оқу-ағарту министрлігі 9 (10) және 11 (12) сыныптар үшін емтихан күндерін жариялады.
9 (10) сынып оқушылары үшін емтихан күндері:
-
29 мамыр – математикадан жазбаша емтихан
-
2 маусым – ана тілі пәнінен жазбаша емтихан (тіліне қарай: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде)
-
5 маусым – таңдау пәнінен емтихан
-
10 маусым – екінші тіл мен әдебиет пәнінен емтихан (оқыту тіліне байланысты)
11 (12) сынып оқушылары үшін емтихан күндері:
-
30 мамыр – Қазақстан тарихынан ауызша емтихан
-
4 маусым – алгебра және математикалық анализ негіздерінен жазбаша емтихан
-
9 маусым – ана тілі пәнінен емтихан (тіліне қарай)
-
12 маусым – таңдау пәнінен емтихан
-
16 маусым – екінші тіл мен әдебиет пәнінен емтихан
Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітірушілердің емтихандарға дайындықтарын ертерек жоспарлауына және белгіленген күндерге сай қатысуына шақырады.





