Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Мемлекеттік тіл және бақ-2023» байқауының жеңімпаздары анықталды

30.11.2023
КҮНДЕРЕК
«Мемлекеттік тіл және бақ-2023» байқауының жеңімпаздары анықталды
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған дәстүрлі «Мемлекеттік тіл және БАҚ-2023» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Салтанатты марапаттау рәсімін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов құттықтау сөзбен ашты.

Дәстүрлі «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» республикалық байқауы 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Содан бері конкурс кең өріс алып, қатысушылар қатары көбейіп келеді. Бүгін таңда қазақ тілінде жазатын отандық журналистермен бірге, мемлекеттік тіл туралы орыс тілінде қалам тербейтін қаламгерлер де қатысуда.

Бұрын сайтта жарық көрген материалдар өз алдына бөлек ұсынылып келсе, кейінгі жылдары газет жарияланымдарына теңестіріліп, бірдей дәрежеде қарастырылады.

Биыл байқауға 64 өтінім арқылы 145 материал түсті, олардың 123-і қазақ тілінде болса, 17 – орыс тілінде.

Қазылар алқасының құрамы елімізге белгілі қайраткерлер мен танымал журналистерден жасақталды: Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты; Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі; Махат Садық, белгілі журналист, «ҚазКонтент» АҚ кеңесшісі; Молдияр Ергебеков, өнертану докторы, А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры, кино мен медиа саласының зерттеушісі; Ербол Азанбеков, «Qazaq Media Association» (Қазақ Медиа Қауымдастығы) төрағасы.

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ – 2023» байқауының Гран-при жүлдесі мен 1 000 000 миллионов теңге сертификаты «Halyq Uni» ақпараттық агенттігінің журналисі Әйгерім Таубайға табысталды.

Басылым беттерінде, сондай-ақ интернет ресурстарда жарық көрген «Үздік мақала» аталымы бойынша бірінші орынды Атырау облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің аға тілшісі Анжела Ли (Атырау қ.) жеңіп алды, екінші орын – «Qazcontent» El.kz АҚ ақпараттық агенттігінің тілшісі Амангүл Тілей (Астана қ.). Үшінші орынды № 38 (Астана қ.) мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Біржан Ахмер мен «Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газетінің редакторы Достан Елдес өзара бөлісті.

«Үздік теле және радиобағдарлама» аталымы бойынша бірінші орын «Қазақ радиосының» редакторы Азамат Тілеповке бұйырды, екінші орын – «Жетісу» телеарнасы» ЖШС қызметкері Мұрат Жұмабайдың еншісінде (Талдықорған қ.).

«Үздік мақала» және «Үздік теле және радиобағдарлама» жеңімпаздарының әрқайсысына: бірінші орын үшін – 750 000 теңге, екінші орынға – 500 000 теңге және үшінші орын иелеріне 300 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Сондай-ақ, байқау қорытындысы бойынша 9 қатысушы ынталандыру сыйлығына ие болып, әрқайсысы 100 000 теңгені қанжығасына бөктерді.

Дереккөз: ҚР ғылм және жоғары білім министрлігінің ақпараттық ресурсы

Қатысты жаңалықтар

Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
«Бес тапалдың» бірі еді…

«Бес тапалдың» бірі еді…

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Елдік дәстүрдің өзегі

28.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Тиімді диалог алаңы

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.