Талдықорған: +28°C
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

МЕНІ БӘРІБІР ЕШКІМ ТҮСІНБЕЙДІ. ОҚУШЫ ЖАСМИННІҢ ЖҰМБАҚ СУРЕТТЕРІ

30.05.2022
КҮНДЕРЕК
МЕНІ БӘРІБІР ЕШКІМ ТҮСІНБЕЙДІ. ОҚУШЫ ЖАСМИННІҢ ЖҰМБАҚ СУРЕТТЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Бұлақ  көрсең,  көзін  аш» дейді дана  халқымыз.  Әрбір шәкірттің бойындағы қабілет-қарымын танып, жылт еткен жақсылық көрсем, соны ашуға, дамытуға асығатын ұстаз ретінде жүрегі нәзік, өнерлі оқушым туралы сөз қозғағым келеді. Шымыр ауылындағы М.Мәметова атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы, шәкіртім Жасмин Оралбаева өте зерек, көптің ішінен дараланып тұратын ерекше қыз.

Шәкіртімнің шығармашылық қабілетін биылғы оқу жылында байқадым. Бірде сабақ үстінде Жасминнің партасынан қатты қағазға салынған түрлі-түсті суреттерді көріп қалып, тамсандым. Оның салған суреттері мені еріксіз баурап, суретші тілін ұғуға жетелегендей болды. Жасминнен: «Неге суреттеріңді жариялап көрсетпейсің?» — деп сұрағанымда: «Апай, бәрібір ешкім түсінбейді, өзім үшін саламын, сурет салу арқылы демаламын, мені қолдайтын бір  адам бар, ол – әкем. Маған қажет арнайы бояуларды, материалдарды әкем Алматы қаласынан алдыртады. Әкемнің мені қолдағаны жаныма жылу  сыйлайды», – деп жауап  берген еді.

Жасмин кішкентай күнінен өзін әрдайым қолдайтын отбасында тәрбиеленіп келеді. Жүрегінде өзіне ғана мәлім үлкен мақсаты бар. Сол үкілеген арманы жүрегі нәзік суретші қызды жігерлендіре түседі. Бойындағы табиғат берген ерекше қабілетін дамытуға тырысып жүргендігі мені қатты қуантады. Ұстаз  үшін шәкіртінің белгілі бір мақсатқа ұмтылып талпынуы, биіктен  көрінуінен асқан бақыт жоқ.

Жасминнің салған суреттері ішкі әлемінен сыр шертеді. Оның бір атап айтар жақсы қасиеті әрбір минутын бағалай алады. Үзіліс кезінде сөздіктермен жұмыс істеп, ағылшын тілін дамытып отырады. Сонымен қатар, әртүрлі кітап оқып, философия, психология саласын да меңгеруге тырысады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде мені сабақ үстінде Жасминнің қандай да бір сұраққа жауап қайтармас бұрын тыңғылықты түрде ойланатыны іштей сүйсіндіреді.

Үнемі ізденіс үстіндегі қыз болашақта суретші, сәулетші, дизайнер, өнер  адамы болуды армандайды. Сол себепті сурет әлемінің мамандары табиғаты шығармашылыққа жақын өнерлі жасты танып білсе, ары қарай дамуына үлес қосса деген тілегім бар.

Ләззат ҚАЛИБЕКОВА,

М.Мәметова атындағы орта мектептің мұғалімі

Ескелді  ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жасанды интеллект әзірлеген вакцина алғаш рет адамдарға сыналды

Жасанды интеллект әзірлеген вакцина алғаш рет адамдарға сыналды

17.06.2026
Қазақстанда тәулігіне 1 миллион жұмыртқа өңдейтін кәсіпорын салынады

Қазақстанда тәулігіне 1 миллион жұмыртқа өңдейтін кәсіпорын салынады

17.06.2026
Елімізде автонесиеге сұраныс төмендеуде

Елімізде автонесиеге сұраныс төмендеуде

16.06.2026
Бектенов ҚТЖ басшысына ескерту жасады

Бектенов ҚТЖ басшысына ескерту жасады

16.06.2026
Жетісу облысында арнайы мобильді автозертхана газ шыққанын анықтайды

Жетісу облысында арнайы мобильді автозертхана газ шыққанын анықтайды

16.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.