Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мені қамай алмайсың!»: Шымкенттегі қасіретті қаза қоғамды дүр сілкіндірді

14 қаңтар 2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК, САЯСАТ
«Мені қамай алмайсың!»: Шымкенттегі қасіретті қаза қоғамды дүр сілкіндірді

Марқұмның жақындарынан алынды

WhatsAppTelegramFacebook

Шымкент қаласында орын алған 21 жастағы бойжеткеннің өлімі ел ішінде үлкен резонанс тудырды. Студент Нұрай Серікбайдың өмірін қиған бұл қылмыс – жұмыс істемеген жүйенің, еленбеген арыздың және жазасыздыққа сенген озбырлықтың ащы жемісі, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбайдың айтуынша, күдікті Аймахан Шерхан Нұрайдың соңынан бір елі қалмай, психологиялық қысым көрсетіп келген. Жас қыздың «жоқ» деген жауабын түсінбеген ол «сталкерге» айналған. Бойжеткеннің абыройы мен жеке кеңістігіне қол сұғып, оның әрбір қадамын аңдып, қорқытып-үркітуді тоқтатпаған.

Тіпті, күдіктінің Нұрайды бұған дейін Алматыдан күштеп алып қашқаны белгілі болды. Алайда, туыстары оны арашалап алғанымен, қаскөйдің құрығынан құтқара алмады. Ол қыздың сабақ кестесін анықтап, оқу орнына дейін келіп, сес көрсетуін жалғастырған.

Желіде тараған мәліметтерге сүйенсек, күдікті өз әрекеттері үшін заң алдында жауап бермейтініне бек сенімді болған. Оның марқұмға: «Мені бәрібір темір торға қамай алмайсың» деп ашықтан-ашық айтуы – құқық қорғау жүйесіне тасталған үлкен сын. Нұрайдың полицияға жазған арыздары тиісті деңгейде қаралмағандықтан, қылмыскер өзін батыл сезінген.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде #НұрайҮшін хэштегімен наразылық акциясы жүріп жатыр. Қазақстандықтар бұл істің тек «Кісі өлтіру» бабымен шектелмей, кешенді түрде тергелуін талап етуде.

Нұрайдың бала кезден бергі құрбылары оны «мектепті үздік бітірген, ұяң, тәрбиелі қыз» ретінде сипаттайды. Кейбір желі қолданушыларының «өзі себепші болған шығар» деген пікірлері жақындарының жарасына тұз сепкендей болды. Олар Нұрайдың өз шекарасын қорғап, еркін өмір сүргісі келгені үшін жазықсыз жапа шеккенін айтып, оның абыройына тіл тигізбеуді сұрайды.

11 қаңтар күні кешке орын алған бұл қатыгездік – сегіз жерден пышақ сұғумен аяқталды. Шымкенттік студенттің туысқандары әділдік сұрайды. Егер бұл жолы да «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер орын алса, ертең кез келген қыздың тағдыры осылай аяқталмасына кім кепіл?

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.