Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мобильді аударымдар бойынша хабарлама келсе не істеу керек?

16 қаңтар 2026
КҮНДЕРЕК, САЯСАТ
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

7-su.kz / Мәулен Әнербай

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстандық банктер сәуір айынан бастап мобильді аударымдар туралы мәліметтерді салық органдарына бере бастайды. Егер сіз негізгі критерийлерге ілігіп, хабарлама алған болсаңыз, қандай әрекет жасау керектігін түсіндіреміз, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) түсіндіруінше, банктерден мәлімет түскен соң салық мамандары камералдық бақылау жүргізеді. Төмендегі талаптарға сай келетіндерге хабарлама жіберіледі:

  • 100 және одан да көп түрлі адамнан аударым түссе;

  • бұл жағдай қатарынан 3 ай бойы қайталанса;

  • аударымдардың жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен (1 020 000 теңге) асса.

Осыдан кейін оқиға екі бағытта өрбуі мүмкін.

Егер сіз хабарламамен келіссеңіз

Бұл жағдайда хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою қажет. Ол үшін:

  • қарапайым салық төлеуші болсаңыз – тиісті салық есептілігін тапсыру;

  • өзін-өзі жұмыспен қамтыған болсаңыз – қосымша арқылы табысты көрсетіп, салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеу;

  • басқа салық режиміне ауысқыңыз келсе – қажетті рәсімдерді орындау шарт.

Егер сіз хабарламамен келіспесеңіз

Мұндай жағдайда салық органына аталған сәйкессіздіктер неліктен заң бұзушылық емес екенін түсіндіретін хат жолдау қажет. Түсіндірмеде мыналар көрсетілуі тиіс:

  • сіздің және салық органының мәліметтері;

  • хабарламаның нөмірі мен күні;

  • нақты немен келіспейтініңіз және оның себебі;

  • күні мен қолыңыз;

  • дәлелдейтін құжаттар (егер болса).

Егер хабарламаның бір бөлігімен келісіп, екінші бөлігіне қарсы болсаңыз, келіскен тұсыңыз бойынша «қателерді түзетіп», қалған бөлігіне түсіндірме жазуға болады. Барлық әрекеттерді орындауға хабарлама алған күннен бастап 30 жұмыс күні беріледі.

Талапты орындамаудың салдары

Егер хабарлама уақытында орындалмаса немесе мамандар сіздің түсіндірмеңізге күмән келтірсе, аталған сәйкессіздіктер бойынша салықтық тексеру тағайындалуы мүмкін. Айта кететін жайт, хабарлама алып, бір ай ішінде салық органына келмеген жағдайда, 41-күні шоттар бұғатталуы ықтимал.

Сондықтан мобильді аударымдар арқылы кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға дер кезінде тіркеліп, салықты ашық төлеуге кеңес береміз. Бұл болашақта шоттардың бұғатталуы немесе айыппұлдар сияқты қиындықтардың алдын алады.

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.