Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРІКТІЛЕРІНЕ АЛҒЫС ЖАРИЯЛАДЫ

22 маусым 2020
КҮНДЕРЕК
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕРІКТІЛЕРІНЕ АЛҒЫС ЖАРИЯЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының еріктілері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Алғыс хатты Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов пен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев салтанатты түрде табыстады.

«Biz birgеmiz» республикалық акциясы аясында аймақта еріктілер төтенше жағдай мен карантин кезінде көпбалалы, аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж азаматтарға көмек көрсетті. Оларды қажетті азық-түлікпен қатар антисептикалық құралдармен де үзбей қамтып келеді. Осындай ізгі қасиетті сөз еткен Лаззат Махатұлы:

— Әлемге қауіп төндірген қатерлі індетпен күрес әлі жүріп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен көптеген жұмыстар дер кезінде қолға алынды. Көрінбейтін майданда сіздердің де көмектеріңізбен көптеген игілікті істі жүзеге асырдық. Біздің болашағымыз, жалынды жастар, сіздерге байланысты. Сондықтан, үлкен рақмет айтамын, марапаттарыңыз құтты болсын, – деп шын жүректен ризашылығын білдірді.

Елбасының Алғыс хатын иеленген еріктілер ішінде «Мейірімді Жетісу» фронт-кеңсесінің төрағасы Ержан Дәулетбаев та бар. Ол еріктілікпен 2016 жылдан бастап айналысып келе жатқанын айтып:

— Біздің еріктілер гуманитарлық болсын, басқа да болсын, қайырымдылық, тазалық акцияларының барлығына қатысып, демеушілер, кәсіпкерлердің  қолдауымен мұқтаж жандарға көмек көрсетіп келеді. Елбасының елеп беріп отырған марапаты жұмысымызға деген жігерімізді арттырады, – деді.

«Biz Birgemiz» республикалық акциясы бойынша ағымдағы жылдың 19 наурызы мен 22 маусым аралығында партияның аймақтық және аумақтық филиалдары тарапынан «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілері партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобалары аясында партия мүшелерінің, әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының қолдауымен есептік кезеңде 24 440 адамға 255 096 625 тг көлемінде арнайы азық-түлік және жеке гигиена заттары, антисептикалық құралдар, медициналық бетперделер сатып алынды.

Аймақ еріктілері Мақтаарал ауданына да барып, қолдан келгенінше көмек көрсетті. «Біз біргеміз» акциясының жұмысы одан әрі де жалғаса бермек.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Жетісудың би өрнектері» облыстық би байқауы өтті

«Жетісудың би өрнектері» облыстық би байқауы өтті

Бүгін, 22:45
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

Бүгін, 16:05
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

Бүгін, 15:00
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Бүгін, 14:48
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Бүгін, 14:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.