Нью-Йорк көшелерінде Қазақстанның мемлекеттік әнұраны орындалған бейне жазба тарады. Көтеріңкі де тебіреністі көңіл күйге себеп болған шара елді сүйінтті.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Президенттің телерадиокешенінің Telegram-арнасы дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Дәлірек айтқанда, әйдік мегаполистің адам көп жүретін көшелерінің бірінде отандастарымыз әнұранды орындады. Көк байрақты көкке көтеріп, қолын жүрек тұсына қойған қазақстандықтар әнұранымызды акапелла түрінде шырқады.
Фото: nur.kz (видео кадр)





