«Алматы-Өскемен» тас жолының 410 шақырымында «Toyota Camry» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Жетісу облыстық Полиция департаментіннің мәліметінше жол ұйымының қызметкері жол-көлік оқиғасы кезінде жол белгілерін салып жатқан. Соққыдан ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Көлік апаты бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы тұраққа орналастырылды.
Тәртіп сақшылары көлік жүргізу кезінде өте сақ және мұқият болуды сұрайды. Жол ережесін сақтауға және жылдамдық режимін шектен тыс асырмауға шақырады.





