Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Он саусағынан өнер тамған

13.05.2025
КҮНДЕРЕК
Жол қайта жаңғыртылуда

Өмірде өз еңбегін бұлдамайтын адамдар көп. Олар атақ, абырой қумай-ақ өзі тұрған мекеннің қадірі мен қасиетін қашырмай, адал еңбегімен ас табады. Қоғамға қосқан үлесі мол болса да тірі жанға тіс жарып, «көптің көзіне түсіп қалайын» деп тыраштанбайды. Бұл нағыз еңбек адамына тән қасиет. Сондай жанның бірі Ескелді ауданының Сырымбет ауылында тұрады. Ол он саусағынан өнер тамған, ұзақ жыл ағаштан түйін түйіп, тұтынушыларын риза қылып жүрген Жұманұр Шаменұлы.

Әке-шешесі, бауырлары және отбасымен 2010 жылдары Қытай елінен атажұртқа қоныс аударған Жұманұр елге келген соң бірден Сырымбет ауылына орналасыпты.

– Алғаш келген жылдары елге, жерге үйренісіп, құжаттарымызды реттеп, толық орналасып алған соң кәсіптенуге ниет ауды. Арғы бетте жүргенде бала күнімізден әкемізден ағаш шабудың қыры мен сырын көріп өстік. Әкеміз де, атамыз да, арғы аталарымыз да ағаш шабуды кәсіп еткен екен. Олар көбіне ер шауып, қазақ үй, үйге керекті тұрмыстық бұйымдар­ды жасайтын. Бірақ ол ­жақта ағаш ыдыстарға сұраныс аз болатын.Бұл жерде қазақы оюланған ыдысқа деген сұраныстың көптігін көрген соң осы кәсіпті қолға алдым. Басында қолмен тегене ойып, табақ шауып, кесе жонып жүрдім. Кейін келе Қытайдан ағашты өрнектеп жонатын станок алдырғалы жұмысым жүріп, өнім молая түсті, – дейді жас шебер.

Жұманұр ағаш ыдыстарды қарағаштан жасайды. Оның айтуынша, қарағаштан ойылған ыдыстар сапалы, шыдамды және әдемі болып шығады екен. Материалды ауылдастарынан сатып алады.

– Менің қымыз құятын тегенем өтімді ыдыс қатарында. Өйткені оның жасалуы өте нәзік және шыдамдылық пен шеберлікті талап етеді. Оюлы ағаш ыдыс жасайтындардың көбі қымыз құятын тегененің жұмысының көптігіне бола көп жоламайды. Алматыдағы біраз азамат мен жасаған тегенелерімді сатып алып, көтерме бағада сатып жүр, – дейді ол.

Жұманұрдың ыдыстарына сұраныс көп. Жұмысын арғы бетке танымал ағаш шебері әкесі Шамен Каметұлы қадағалап отырады. Жас күнінен тұрмыстық бұйымдар, киіз үйдің ағаш материалдарын, ертоқымның түр-түрін жасап, оны кәсіпке айналдырғандықтан білетіні мол. Сол тәжірибесі бойынша ұлына үнемі ақыл-кеңес беріп тұрады.

– Үш ұл, бір қызымыз бар. Құдайға шүкір, бәрі ержетіп, өз алдына отау құрды. Өз кәсібі, мамандығы бойынша жұмысы бар. Менің жолымды ұстанған Жұманұр ғана. Бала кезінен осы кәсіпке қызықты. Қасымнан қалмай ағаш ою өнерінің қыры-сырына көз жүгіртіп өсті. Қазір жасымыз ұлғайып қалды. Сонда да Жұманұр оюлап берген ыдыстардың өрнегін әрлеп, іші-сыртын майлап, қолдан келгенше көмектесіп тұрамын, – дейді Шамен ақсақал.

«Ерінбегеннің өзегі талмайды» деген рас. Сырымбет ауылы облыс, аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекен. Бірақ Жұманұрдың өніміне деген сұраныс еліміздің әр өңірінен түсіп тұрады.

Расында, қазіргі нарық заманында тұтынушылар алатын затының сапасы мен қолайлылығына мән береді. Қаладасыз ба, ауылдасыз ба тұтынушының көңілінен шығатын өнім ұсынсаңыз іздеп тауып алады. Ал тауарды жеткізудің де жолы жеңілдей түсті. Бұл мүмкіндік Жұманұрды ынталандырып отыр.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.